"Білім мен инновацияға негізделген заманауи экономиканың іргесін қалап, жыл сайын 6 пайыз өсімді қамтамасыз етуге тиіспіз", - Қ. Тоқаев.

"Білім мен инновацияға негізделген заманауи экономиканың іргесін қалап, жыл сайын 6 пайыз өсімді қамтамасыз етуге тиіспіз", - Қ. Тоқаев.

Қазақстан жалпы ішкі өнімнің мөлшерін 2029 жылға қарай екі есе, яғни 450 миллиард долларға жеткізуге ниетті. Осы асқақ мақсатқа жету үшін біз білім мен инновацияға негізделген заманауи экономиканың іргесін қалап, жыл сайын 6 пайыз өсімді қамтамасыз етуге тиіспіз. Сингапурдағы лекциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. 46-шы Сингапур дәрісінде Мемлекет басышысы тағы нені назарға алды, қандай маңызды мәселелер төңірегінде сөз қозғады? Әріптесім Айбек Салдатбек айтады.Мемлекеттік сапардың екінші күнінде Президент «Қазақстан және орта державалардың рөлі: қауіпсіздікті, тұрақтылық пен орнықты дамуды ілгерілету» тақырыбында 46-шы Сингапур лекциясын оқыды. Бұл - Юсоф Исхак институты ұйымдастырып келе жатқан мемлекеттер басшылары мен әлемдік деңгейдегі көрнекті саясаткерлердің ұстанымдарын тікелей тыңдауға мүмкіндік беретін дәріс алаңы. Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен өзінің өмір жолында Сингапурдың айрықша мәні бар екенін атап өтті. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Мен көп жыл бұрын осы елде жас дипломат ретінде қызмет еттім. Сіздердің еліңіз Қазақстанды даму мен өркендеу бағытында өзіндік жол таңдауға жігерлендіреді. Расында, Сингапурда өткізген жылдарымда табандылық пен жаңашылдықты үйрендім. Бұл қасиеттер қазіргідей құбылмалы әлемде Қазақстанның келешегі туралы пайымымның қалыптасуына әсер етті. Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан» және Премьер-министр Лоуренс Вонг ұсынған «Алға, Сингапур» бағдарламаларының мақсаттары мен қағидаттары ұқсайтынын айтты. Оған қоса "географиялық алшақтыққа, жер көлемі мен тарихындағы айырмашылықтарға қарамастан, Қазақстан мен Сингапурдың көптеген құндылықтары ортақ әрі ұқсас сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр" деді. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Қос құжат та халықтың қамын бірінші орынға қояды және елдің игілігін әрбір азамат сезінуге тиіс деген қағидатты ұстанады. Ауқымды ұлттық трансформация – оңай үдеріс емес. Бірақ қанша қиын болса да, біз бұл стратегиялық бағытымыздан айнымаймыз. ЖІӨ мөлшерін 2029 жылға қарай екі есе, яғни 450 миллиард долларға дейін жеткізуге ниеттіміз. Біз Сингапур сияқты бизнес, қаржы, дарындылар мен инновация шоғырланатын сенімді орталыққа айналуға ұмтыламыз. Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық қауіпсіздік ландшафтында мол мүмкіндіктерге жол ашып қана қоймай, едәуір қауіп төндіретін елеулі өзгерістерге де назар аударды. Былтыр әлем елдерінің әскери салаға жұмсаған шығындары 2,2 триллион долларға жеткен. Бұл рекордтық көрсеткіш. Сондай-ақ, Президент қаруланудың жаңа бәсекесі адамзатты әскери қақтығыстың құрбанына айналуға әкеп соғатынан айтты. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Экстремизм, терроризм, кибернетика, ғарыш, жасанды интеллект, климаттың өзгеруі, жаппай миграция және эпидемия туындатқан түйткілдер жаһандық қауіпсіздіктің жағдайын одан сайын ушықтыра түсті. Алайда Астана мен Сингапур дамып келе жатқан орта державалар ретінде мұндай бөліну мен жіктелуге көз жұмып қарай алмайды. Қауіп-қатер өте зор. Егер шара қабылдамаса, тағы бір қырғи-қабақ соғыс зобалаңына тап келуіміз әбден мүмкін. Мемлекет басшысы климаттың өзгеруімен күрес, су ресурстарын басқару және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында Қазақстан мен Сингапур өзара тиімді ықпалдастық жасай алатынын жеткізді. Осы орайда Алматыда Орталық Азия елдерінің климат және жасыл энергетика мәселелері жөніндегі жобалық кеңсесін ашу бастамасы бұл мәселелерді шешуде елеулі рөл атқара алатынына сенім білдірді. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Климат дағдарысына себепші болатын да, алдымен оның зардабын тартатын да – су саласы. Әлемде 2 миллиардтан астам адамның таза ауызсуға қолы жетпей отыр. Осы ретте мен Су экономикасы жөніндегі жаһандық комиссияның тең төрағасы ретінде көшбасшылық танытқаны үшін Президент Тарман Шанмугаратнамға ризашылығымды білдіремін. Ол биылғы БҰҰ конференциясы шеңберінде Қазақстан мен Франция ұйымдастыратын One Water Summit жиынына елеулі үлес қосатынына сенімдімін. Дәрістен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев геосаяси қақтығыстарды реттеу, Қазақстан мен Сингапурдың ынтымақтастығын дамыту перспективасы туралы бірқатар сұраққа жауап берді. Сондай-ақ Орталық және Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің халықаралық қатынастардағы рөлі туралы пікір білдірді. "Сингапурдың ашық әрі инклюзивті аймақтық архитектураны құруды көздейтін «өзара тоғысатын достар ортасы» ұғымы – Орталық Азия үшін де өте өзекті. Жанат МОМЫНҚҰЛОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ БАС ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:Қазақстанның Сингапурдан осы қаланы салу бойынша, инфраструктураны жақсарту бойынша алары көп. Ол жерде білесіз бірнеше Азияның Жолбарыс атанған жаңа экономикалар көтеріліп келе жатыр. Батыспен де, Қытаймен де, Оңтүстік Азия елдерімен мықты қарым-қатынас орнатқан өте ақылды мемлекет Сингапурмен жақын қарым-қатынас құрғаны өте тиімді. Мемлекет басшысы Сингапурдың үшінші Премьер-министрі Ли Сянь Лунмен және Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіруші министр Тео Чи Хинмен кездесіп, саяси және экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Тео Чи Хинге өзінің «Беласу. Дипломатиялық очерктер» кітабының ағылшын тіліндегі нұсқасына қолтаңба қалдырды. Одан бөлек Президент Қазақстан-Сингапур ректорларының "Ғылым мен жоғары білім саласындағы әріптестіктің жаңа шыңы" атты форумына қатысты. Соңғы бірнеше жылда еліміз беделді 19 университетпен стратегиялық альянс құрған. Айта кетейік, кеше Қазақстан мен Сингапурдың тиісті ведомстволары арасында Жоғары білім беру саласындағы ынытымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
  • el.kz
Алматы облысында тауда адасқан жасөспірім құтқарылды
Алматы облысында тауда адасқан жасөспірім құтқарылды
  • halyq-uni
  Сағызбай Қарабалин, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі: Адамның көзі – ішкі жан дүниедегі сезімдерді  жеткізуші
Сағызбай Қарабалин, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі: Адамның көзі – ішкі жан дүниедегі сезімдерді жеткізуші
  • aikyn
Әлемде аллергияның әлегіне түскендер көбейген
Әлемде аллергияның әлегіне түскендер көбейген
  • aqshamnews
Елде темір жолдарды жөндеу жұмыстарының 96%-ы аяқталды
Елде темір жолдарды жөндеу жұмыстарының 96%-ы аяқталды
  • aqshamnews
Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы ведомстволары агроөнім саудасын жеңілдетуге ұмтылуда
Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы ведомстволары агроөнім саудасын жеңілдетуге ұмтылуда
  • aqshamnews
Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады
Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады
  • aqshamnews
Жаңа жыл қарсаңында пойыз билеттеріне жеңілдік жасалады
Жаңа жыл қарсаңында пойыз билеттеріне жеңілдік жасалады
  • aqshamnews
Алматыда «Күз-2024» шақыру компаниясы аяқталды
Алматыда «Күз-2024» шақыру компаниясы аяқталды
  • aqshamnews
Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында «KAZ» және «KZ» жаңа индекстері бекітілді
Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында «KAZ» және «KZ» жаңа индекстері бекітілді
  • aqshamnews
Мұстафа ӨЗТҮРІК:  «Батыр болам десең, елің мен жеріңді сүй»
Мұстафа ӨЗТҮРІК: «Батыр болам десең, елің мен жеріңді сүй»
  • aqshamnews
WSJ: Трамп сайлауының демеушісі соғысқа ықпал етуі үшін Солтүстік ағын 2-ні сатып алмақ
WSJ: Трамп сайлауының демеушісі соғысқа ықпал етуі үшін Солтүстік ағын 2-ні сатып алмақ
  • arbatmedia.kz
Тарихта алғаш рет: Қазақстандықтар каратэден командалық әлем чемпионатына қатысады
Тарихта алғаш рет: Қазақстандықтар каратэден командалық әлем чемпионатына қатысады
  • bassport.kz
Павлодар облысында жүргізуші желідегі видеосынан кейін айыппұл арқалады
Павлодар облысында жүргізуші желідегі видеосынан кейін айыппұл арқалады
  • Massaget
Түнгі жүгіріс»: елордада өткен іс-шараға 1500 әуесқой қатысты
Түнгі жүгіріс»: елордада өткен іс-шараға 1500 әуесқой қатысты
  • baq.kz
  Жетісу облысында дизель отынын ұрлаған машинистер сотталды
Жетісу облысында дизель отынын ұрлаған машинистер сотталды
  • aikyn
Шымкент әкімдігі жаңа жылдық безендіруге 80 млн теңге жұмсамақ
Шымкент әкімдігі жаңа жылдық безендіруге 80 млн теңге жұмсамақ
  • sn.kz
Қазақстандықтарға жылу үшін төленген 700 миллион теңгеден аса ақша қайтарылады: 23 қараша 2024, 13:21 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандықтарға жылу үшін төленген 700 миллион теңгеден аса ақша қайтарылады: 23 қараша 2024, 13:21 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Алматыда моншадағы өрт сөндірілді
Алматыда моншадағы өрт сөндірілді
  • el.kz
  Биткоин бағасы 100 000 долларға жақындады. Өсу жалғасуда
Биткоин бағасы 100 000 долларға жақындады. Өсу жалғасуда
  • aikyn
Бүгін – Мұстафа Өзтүріктің туған күні
Бүгін – Мұстафа Өзтүріктің туған күні
  • baq.kz
Шенеунік жетім балалардың құқығын бұзғаны үшін сот алдына келді: 23 қараша 2024, 13:09 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Шенеунік жетім балалардың құқығын бұзғаны үшін сот алдына келді: 23 қараша 2024, 13:09 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Шенеунік жетім балалардың құқығын бұзғаны үшін сот алдына келді
Шенеунік жетім балалардың құқығын бұзғаны үшін сот алдына келді
  • Massaget
Лукашенко 2020 жылы интернетті өшіргенін мойындап, тағы қайталайтынын айтты
Лукашенко 2020 жылы интернетті өшіргенін мойындап, тағы қайталайтынын айтты
  • arbatmedia.kz
Магические прогнозы. Шоу “Расклад” продолжает гадать на спорт
Магические прогнозы. Шоу “Расклад” продолжает гадать на спорт
  • Smi24
Лига Кубогінің финалында “Жеңіс” пен “Астана” бақ сынасады
Лига Кубогінің финалында “Жеңіс” пен “Астана” бақ сынасады
  • bassport.kz
"Біз 5,3 млрд теңге бөлдік". Шымкент әкімі "Ордабасыға" қатысты мәлімдеме жасады
"Біз 5,3 млрд теңге бөлдік". Шымкент әкімі "Ордабасыға" қатысты мәлімдеме жасады
  • penalty
Қайрат Боранбаев Қазақстанға әкелген футболшы Украинада опасыздық жасады деп айыпталды
Қайрат Боранбаев Қазақстанға әкелген футболшы Украинада опасыздық жасады деп айыпталды
  • 1bol.kz
Әскерилер арасында әлем кубогының жеңімпаздары анықталды
Әскерилер арасында әлем кубогының жеңімпаздары анықталды
  • penalty
Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді
Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді
  • qaz365.kz
Ғабит Сыздықбеков жемқорлықпен қалай күреспекші
Ғабит Сыздықбеков жемқорлықпен қалай күреспекші
  • qaz365.kz
Ғабит Сыздықбеков: Жүйемен күресу қиын екенін Шымкентке келіп білдім
Ғабит Сыздықбеков: Жүйемен күресу қиын екенін Шымкентке келіп білдім
  • qaz365.kz
“ҚТЖ-Жүк тасымалы“ филиалы депосының бастығы сотталды: 22 қараша 2024, 09:47 - жаңалықтар Tengrinews.kz
“ҚТЖ-Жүк тасымалы“ филиалы депосының бастығы сотталды: 22 қараша 2024, 09:47 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Премьер-министр Қазақстанда шұғыл жиын өткізді
Премьер-министр Қазақстанда шұғыл жиын өткізді
  • TengriNews
Экс-министр Марат Бекетаевтың ұсталуы
Экс-министр Марат Бекетаевтың ұсталуы
  • TengriNews
Сенат Ұлттық қордан екі триллион теңге алуды мақұлдады: 21 қараша 2024, 14:57 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Сенат Ұлттық қордан екі триллион теңге алуды мақұлдады: 21 қараша 2024, 14:57 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Желтоқсанда көптеген қазақстандық үшін ұялы байланыс пен интернет қымбаттайды
Желтоқсанда көптеген қазақстандық үшін ұялы байланыс пен интернет қымбаттайды
  • TengriNews
WhatsApp-та тағы бір пайдалы функция пайда болады
WhatsApp-та тағы бір пайдалы функция пайда болады
  • TengriNews
Психосинтездегі тұлғаның даму мәселесі. Ұжымдағы тұлғаның «менінің» рөлі
Психосинтездегі тұлғаның даму мәселесі. Ұжымдағы тұлғаның «менінің» рөлі
  • bugin.kz
Сапа қашан жақсарады? Министрге ұялы байланыс операторлары туралы сұрақ қойылды: 21 қараша 2024, 11:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Сапа қашан жақсарады? Министрге ұялы байланыс операторлары туралы сұрақ қойылды: 21 қараша 2024, 11:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
«Малдан төмен»: Блогердің туған күнінде ерсі билеген қыздар жұртты шошытты (ВИДЕО)
«Малдан төмен»: Блогердің туған күнінде ерсі билеген қыздар жұртты шошытты (ВИДЕО)
  • sn.kz
«Бифуркация нүктесіне келдік». Әскери сарапшының Украинадағы жағдайдың әсері жайлы пікірі
«Бифуркация нүктесіне келдік». Әскери сарапшының Украинадағы жағдайдың әсері жайлы пікірі
  • halyq-uni
Шымкент әкімі мегаполисте жемқорлыққа жол беретін қызметкерлер азаймағанын айтты
Шымкент әкімі мегаполисте жемқорлыққа жол беретін қызметкерлер азаймағанын айтты
  • halyq-uni
Түркістан облысында “Жайлы мектеп“ бағдарламасы қарқынды жүзеге асып жатыр: 22 қараша 2024, 16:18 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Түркістан облысында “Жайлы мектеп“ бағдарламасы қарқынды жүзеге асып жатыр: 22 қараша 2024, 16:18 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Дұрыс жүргізілмеген техникалық байқаудың салдарынан көлік иесі адам өліміне себепкер болды
Дұрыс жүргізілмеген техникалық байқаудың салдарынан көлік иесі адам өліміне себепкер болды
  • halyq-uni
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында шырша ағаштарын қорғау шаралары күшейтілмек
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында шырша ағаштарын қорғау шаралары күшейтілмек
  • almaty_tv
Дәрігерлер қатерлі ісік пен ұйқысыздықтан қорғайтын сусынды атады
Дәрігерлер қатерлі ісік пен ұйқысыздықтан қорғайтын сусынды атады
  • almaty_tv
Ақтауда екі көлік соқтығысып, үш адам зардап шекті
Ақтауда екі көлік соқтығысып, үш адам зардап шекті
  • turkystan