Білім саласындағы жемқорлық Шымкент, ШҚО, Түркістан және Қызылорда облыстарында өршіп тұр

ҚР Оқу-ағарту министрі Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоға сілтеме жасап.Жаңақорған ауданында білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кеңес өтті. Оған өңірдегі білім беру ұйымдарының 1100 басшысы, бухгалтерлер, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Министр білім беру жүйесінде қабылданып жатқан шаралар мен білім сапасын арттыруға баса назар аударды. «Министрліктің басым міндеттерінің бірі - білім беру ұйымдарын жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету және білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсарту. Мықты басшыларды іріктеу және даярлау бағдарламасы әзірленуде. Барлығы ашық әрі айқын болу үшін жоғары білікті педагогтер базасын және мектеп директорларының кадрлық резервін құру жоспарлануда», - деді Ғани Бейсембаев. Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне және цифрлық технологияларды қолдана отырып шешу жолдарына тоқталды. Сондай-ақ қазіргі жағдай туралы Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысының бірінші орынбасары баяндама жасады. Сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу мақсатында министрлік аумақтық бөлімшелер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, әкімдіктер мен мәслихаттар депутаттары және қоғам өкілдерін тарта отырып мониторинг топтарынқұруды ұсынды. Барлық облыстық білім басқармалары, аудандық, қалалық білім бөлімдерін қамтитын «білім аудитін» өткізу жоспарланған. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі еліміздің барлық білім беру ұйымдарында аудит жүргізу туралы шешім қабылданды. Бірлескен талдаудың басталуына білім беру саласындағы түрлі сыбайлас жемқорлық қылмыстар себеп болды. Олардың басым бөлігі Шымкент қаласы, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарында. Кеңес қорытындысы бойынша білім саласындағы қазіргі жағдайды өзгерту үшін кешенді шаралар қолдану жөнінде шешім қабылданды. Ол - білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу және қаржылық тәртіпті күшейту. Айта кету керек, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары еліміздің барлық өңірлерінде жалғасады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қостанайда 20 жыл көріспеген әкесі мен қызы табысты
Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде күміс медаль алды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізеді