"Білімді азаматтар – қоғамдағы оң өзгерістердің қозғаушы күші", - Президент

Шикізатқа арқа сүйеп отырған ел алысқа бармайды. Бізге ғалымдар, инженерлер, өнертапқыштар қажет. Алматыға жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдармен кездесуде осылай деді. Сондай-ақ ғылымды басқару жүйесін жетілдіру мен ғалымдарға әлеуметтік қолдау көрсетудің маңызын атап өтті. Қазір Қазақстанда әлемнің беделді 12 жоғары оқу орнының филиалы бар. Ғылыми кадрларымыз бұдан былай Сингапурда да оқи алады. Жалпы елде зерттеу жұмыстарымен айналысатын университет көбейіп, технология парктері мен инжиниринг орталықтары ашылып жатыр. "Бұның бәрі мамандарымыз әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай білімді, білікті болуы үшін" дейді Президент. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Қазір – ғылым мен білімнің заманы. Отанымызды көркейтеміз десек, ең алдымен, осы екі саланы дамытуымыз керек. Бұдан басқа жол жоқ. Біз ғалымдарға жағдай жасау керек деп жиі айтамыз. Бұл – құр сөз емес. Алдағы екі жылда жас ғалымдардың зерттеуіне бөлінетін грант саны тағы да көбейеді. Бюджеттен 18 миллиард теңге бөлінеді. Биыл менің тапсырмаммен оларға тағы 200 пәтер берілетін болды. Қазақстан Еуразиядағы ең ірі цифрлық хабтардың біріне айналуы тиіс. Оған елдің әлеуеті толық жетеді. Сол үшін жасанды интеллектіні барлық салаға жылдам енгізу керек. Қасым-Жомарт Тоқаев осылай дей келе аталмыш саланы дамыту үшін нақты шаралар қолға алынып, суперкомпьютерлер жасауға қатысты жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Қазір әлем экономикасындағы озық технологиялардың үлесі артып келеді. Сарапшылар оның көлемі 2030 жылға қарай 16 триллион долларға жетеді деп болжап отыр. Біз осы көштің басында болуымыз керек. Ол үшін жасанды интеллектіні дамытуға тезірек қолайлы жағдай жасағанымыз дұрыс. Қасым-Жомарт Тоқаев өзге де өзекті мәселелерге назар аударды. Қалалардың тазалығы үшін қоқыс өңдейтін кәсіпорындар салынуы керек. Сондай-ақ отбасындағы зорлық-зомбылық сынды қараңғылықтың өршуін түп-тамырымен жою қажет. Одан бөлек сингапурлық Surbana Jurong консалтингтік компаниясының қатысуымен салынып жатқан Alatau City «ақылды қаланың» жарқын үлгісіне айналуы тиіс деді. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Шаһар өмір сүруге, бизнес жүргізуге ыңғайлы әрі жетекші халықаралық іскерлік хабқа айналуы керек. Аталған жоба Қазақстанның экономикалық дамуына тың серпін береді. Біздің қалаларымыз, тіпті ауылдарымыз да смарт стандартына сай болуы керек. Сонымен қатар Президент Халықаралық Алматы әуежайының жаңа терминалымен танысты. Ғимарат магнитудасы 10 баллға дейінгі жер сілкінісіне төтеп бере алады. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев аэропорттағы жаңа ВИП терминалды аралап көріп, оның құрылысына үлес қосқан бірнеше компанияға алғыс білдірді. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Оңтүстік астанамызды тамашалайтын туристер саны жыл сайын артып келеді. Былтыр қалаға 2 миллионнан астам турист келіп-кеткен. Осыдан екі жыл бұрын құрылыс орнына капсула салу рәсіміне қатысып едім. Ал ертең, міне, Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерге қызмет көрсетпек. Жұмыс сапарында Мемлекет басшысы Эко Нэтворк жобасының жетекшісі Евгений Мұхамеджановпен кездесіп, қоршаған ортаның проблемаларын шешу жолдарын қарастырды. Одан соң “Жол ғылыми-өндірістік орталығының” директоры Бағдат Телтаевті қабылдады. Кездесуде жол инфрақұрылымын дамыту және аталған салаға маман даярлау мәселелері талқыланды. Осы тұста Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен салалық министрлікке жол сапасын жақсартуды тапсырды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жоғары сот кеңесі мен Қаржылық мониторинг агенттігі ынтымақтастық меморандумына қол қойды
Қазақстандық жас талант Еуропада жылдың үздік теннисшісі атанды
“Тек билет бағасы өсе береді“. Елімізде қанша ұшақ 25 жылдан ұзақ пайдаланылған?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Мені ешкім өзбек деп ойламайды | Айтысты көп көрдім – қазақшам жақсарды | 4 тілді жетік білемін