Калифорниялық YouTube-блогер өз каналының қаралымын көбейту үшін әуеапатын ұйымдастырғанын мойындағаннан кейін жағдайы ушықты. 29 жастағы ұшқыш әрі парашютпен секіруші Тревор Джейкобқа қатысты ашылған қылмыстық іске қатысты өз кінәсін мойындады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz."Мен ұшағымды төңкердім" деп аталатын видео YouTube желісінде 4 миллионнан аса қаралым жинаған. Видео 2021 жылы қарашада түсірілген. Тревор Джейкоб әуеге көтерілгеннен кейін 35 минуттан соң ұшақ қозғалтқышында ақау пайда болды деп, өзі парашюттен секірген. Алайда ұшақта еш ақау болмаған және ол әуеаппаратын қасақана құлатқаны белгілі болды. АҚШ прокуратурасының мәліметінше, Джейкоб өз каналында компанияны ілгерілету бойынша демеушілік келісім аясында апаттан ақша табуға ниетті болғанын мойындады. Ол федералды тергеуге тосқауыл қою үшін "жою және жасыру" бойынша бір қылмыстық айып бойынша кінәсін мойындауға келісті, бұл үшін ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тревор Даниэль Джейкоб ұшудың ресми ережелерін бұзып, басқа адамдардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне қауіп төндірді.