"Бөген" су қоймасының бір жағалауын бекітпесе, су жырып кетуі ықтимал",-сарапшы

Түркістан облысындағы «Бөген» су қоймасының бір жағалауын тездетіп бекітпесе су жырып кетуі ықтимал. Ауыл шаруашылығы маманы, су ресурстары жөніндегі сарапшы Кирилл Павлов осылай деп дабыл қағуда.Оның айтуынша, «Бөген» су қоймасын әу баста жобалау кезінде кемшіліктер жіберілген. Жағалаудың бір бөлігін бекемдеу кезінде топырақ қабаты дұрыс болмаған көрінеді. Соңғы кезде жел дәл сол жаққа қарай тұрып, суды солай қарай қуып жүргені алаңдатпай қоймайды деп отыр.Кирилл ПАВЛОВ СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ САРАПШЫ:Судың нақ сол аумақта көбірек жиналуы салдарынан соңғы бірер жылда құздану \эрозия\ болып жатыр. Ал ол жердің топырақ қабаты талапқа сай емес. Ылғал жиналған кезде жағалау жіпсіп, су сыртқа кету қаупі бар. Бұл сол маңдағы елдімекендерге қауіп төндіреді. Қазір менің байқауымша, қоймадағы су мөлшері едәуір азайған. Бұл - көктемде шаруаларға су жетпеуі мүмкін деген сөз. Жергілікті шаруалар табыстан қағылауы ықтимал... Сол үшін жағалауларын тездетіп мықтап бекемдеу керек . Ал облыстық әкімдіктегілер «Бөген су» қоймасына қатысты ешқандай қауіп жоқ дейді. 1967 жылы пайдалануға берілген қойманда су қоры жеткілікті. Осы айдан бастап шаруаларға көктемгі егіс жұмыстары үшін су беріле бастайтынын айтты. Қазір Бөгенде 349,1 млн текше метр су жиналған. Бұл - өткен жылмен салыстырғанда 14 млн. текше метрге кем. Дегенмен, алаңдауға негіз жоқ, дейді жауаптылар. ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:2021-2022 жылдары төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта күрделі жөндеу жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобаға мемлекеттік сараптама қорытындысын ағымдағы жылдың маусым айында алу жоспарлануда. Сонымен қатар су қойманың беріктігін арттыру мақсатында 2022 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта қоймадағы су авариялық жағдайлардың алдын алу бойынша тиісті құралдармен қамтамасыз етілген.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
“Бұл өнердің шегі жоқ“. Каллиграфия арқылы әлемдік брендтерге ұсыныс алған қазақ қызы
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өсті?
Жаңақорған ауданында 124 отбасы баспаналы болды
Қысқы Универсиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Әлемнің ең қарт адамы қайтыс болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Бүгін Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді