Келер жылы Бөкей ордасының туризмдік әлеуеті артады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев айтты. Ол алдағы жылы тарихи орынға барар жол толығымен аяқталады деді. Нәтижесінде қасиетті мекенге келушілер саны 30 мыңға дейін жетеді деген жоспар бар. Бұдан өзге, өңірде туризмді дамыту үшін мәдени нысандар мен тарихи орындарды жөндеу жұмыстары қолға алынған. Нариман ТӨРЕҒАЛИЕВ, БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Мемлекетіміздің осы туризімге қатысты жаңағы ең мынау әлеуеті бар тізімде Бөкей ордасы енген. Соған байланысты біз қазір әр түрлі буклеттерді әсіресе ресейден көрші +көп келіп жатыр. Біз 5 облыспен шекараласпыз. Күні кеше сол мен болғанымды Ресейден көптеген адамдардың біздің жаңағы сол хан ордасына қызығушылығын танытып жатқаны бізді қуантып отыр.