2 спортшы 2026 жылға дейін спорттан шеттетілді.Бокстан Қазақстан құрамасы жаңа допинг дауына ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz-ке сілтеме жасап. Қазақстанның Ұлттық допингке қарсы орталығының хабарлауынша, 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Намотали Толтаев анаболикалық стероид болып табылатын оралтуринаболды қолданғаны үшін 2026 жылдың 31 наурызына дейін спорттан шеттетілді. Тағы бір қазақстандық боксшы Серік Абзалдың ағзасынан метастерон анықталды. Сондықтан ол 2026 жылдың 7 сәуіріне дейін дисквалификация алды. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы 22 жасқа дейінгілер арасында Бангкокта өткен Азия чемпионатында Серік күміс медаль иегері атанған болатын.