Бокстан лицензиялық турнирде Қазақстан қоржынына алғашқы жолдама түсті.92 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айбек Оралбай ширек финалда америкалық Джамар Таллимен кездескен болатын. Жекпе-жек толығымен Айбектің басымдығымен өтіп, қазақстандық боксшы 5:0 есебімен жеңіске жетті.Осылайша, Қазақстан ерлер командасы Париж Олимпиадасының екінші жолдамасына ие болды.