Бокстан Қазақстан құрамасы Астанада өтетін "Елорда кубогіне" дайындалып жатыр, деп хабарлайды oympic.kz.Дәстүрлі халықаралық турнир 13-18 мамыр аралығында өтеді. Аталған сында ұлттық құраманың бірінші нөмірлі спортшылары түгел қатысады.Қазіргі таңда Мырзағали Айтжанов шәкірттері Астана қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Айта кетелік, бокстан Қазақстан құрамасы жеті салмақтың алтауында Олимпиада жолдамасын еншіледі. 63,5 келі салмақтағы Париж квотасында Мұхаммедсабыр Базарбайұлы таласады.