«Болашақ» түлегіне қатысты дау шешімін тапты

«Болашақ» бағдарламасына қатысты дауға нүкте қойылды. Естеріңізде болса, аталған бағдарлама түлегі Ұлыбританияға оқуға кетіп, содан қайтпай қалған. Ол кепілге қойған мүлкін шығарып алғаннан кейін Халықаралық бағдарламалар орталығы оқудың ақшасын, яғни 30 млн теңге мемлекет қаржысын гарант болған үшінші тараптан талап еткен еді. Енді кепіл болғандардың өзі мәселенің шешілгенін алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.Құрметті әріптестер, бүгінгі видеоүндеуде мен, Мақпал Дәрібаева және әріптесім Наталья Воробьева, «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығындағы резонансты оқиға бейбіт жолмен өз шешімін тапқанын айтқымыз келеді. Өздеріңіз білетіндей, апелляциялық соттың шешімімен бізге медиацияға 2 апта уақыт берілген еді. Осы уақыт аралығында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекұлы мен «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы Әлия Қалқаманқызының жылдам әрекет етуімен, Валерия Гавриленко кепілдікке қайта пәтер қойып, оқуға кеткен шығынның барлығын өзі өтейтінін мойындап, келісімшартқа қол қойған, - деді ол.Тележүргізуші «Болашақ» бағдарламасына ешқандай шағымы жоқ екенін тілге тиек етті.Осы түйіткілді мәселе шешімін тапқанша, өз назарында ұстаған министр Саясат Нұрбекұлына, әрдайым бізбен байланыста болған Әлия Қалқаманқызына алғыс айтамыз. Құрметті әріптестер, сіздердің ақпараттық қолдауларыңыздың арқасында бұл мәселеге нүкте қойылып, бейбіт жолмен шешімі табылды. Қазіргі таңда біздің тарапымыздан «Болашақ»орталығына және де «Болашақтың» тарапынан бізге ешқандай шағым жоқ, - деп қорытындылады ол

Читать источник astanatv.kz/kz/
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?
Оралда жолаушылар автобусы өртенді
Боран болады: 23 желтоқсанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Қарағанды облысында көліктен 13 қап марихуана тәркіленді
Пиротехниканың қауіптілігі туралы ТЖМ құтқарушылары айтып берді
Қарағандылық жолшылар жүк көлігін апаттан құтқарды
Щучинскте монша өртенді
Семейде бас шыршаның шамын жағу рәсімі кейінге қалдырылды
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бақыт Сәрсекбаев бокстан ұлттық құрамаға оралды
Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді
Қытай мен Өзбекстан Қырғызстан арқылы Қазақстанды айналып өтетін теміржол салады
Атыраулық дәрігерлер алғаш рет жүрекке күрделі ота жасады
Мұз үстінде ойнап жүрген екі бала құтқарылды
Алматыда атыс болды: полиция ақпаратты растады