"Бопсалап ақша табады". Депутаттар блогерлерді айыптады

"Ауыл" фракциясының депутаттары Қазақстандағы блогерлерге қатысты жауапкершілікті күшейтуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.Депутаттық сауал қойған мәжілісмен Әнес Баққожаев өзін блогермін деп жүргендер жиі жалған ақпарат жариялайтынын атап өтті. "Қазір өзін блогермін деп жүргендердің дені - ақпараттың рас-өтірігін тексермей, оңай жолмен баю үшін кез келген адамға жала жабудан тайынбайтын, бопсалап ақша табатын, атаққұмар, елдің берекесін бұзып, қауіпсіздігіне қатер төндіретін сауатсыз адамдар. Өзін блогер санап жүргендердің басым бөлігі шын мәнінде блогтың не екенін түсініп жүр деп айта алмаймыз. Көпшілігі ел алдындағы беделін, атақ-дәрежесін пайдаланып, халыққа көмек жасап жатқандай сыңай танытып, әлеуметтік желілерде түрлі "хайп" ұйымдастырып әлек", - деді ол Мәжілістің жалпы отырысында. Өтініш білдірген депутат қазақстандықтардың қаржылық пирамидаларға түсуіне кейбір блогерлер себеп болғанын еске салды. "Елде болып жатқан түрлі әлеуметтік жағдайларды өз ыңғайына бұрмалап, оған ұлтаралық рең беріп, елге жалған ақпарат таратқан блогерлердің де ісі майшаммен қаралуы керек еді. Расталмаған қауесеттің әлеуметтік желі арқылы тез тарауынан Қордай оқиғасының немен аяқталғаны бәріңізге мәлім. Өкінішке қарай, өмірге деген көзқарасы енді қалыптасып келе жатқан жастарымыз осы блогерлерге еліктеп, жатыпішерлікке әуестеніп барады, олар ұлтымызға жат мәдениет пен теріс идеологияны бойына сіңіріп жатыр. Сондай-ақ осы блогерлердің сөзіне сеніп, шетелге күңдікке түскен қыздарымыз қаншама?!Біз қысқа ғана уақыт ішінде сөзі мен ісіне жауап бере алмайтын блогерлердің отанына айналып кеткендейміз. Бұл – қоғам үшін де, мемлекет үшін де қауіпті құбылыс", - деді ол. Сонымен қатар, Баққожаев Қазақстанда блогерлер азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік жоқ екенін баса айтты. "Мемлекет басшысы осыдан бір жыл бұрын өз Жолдауында мемлекет мүддесін, қоғамның сұранысын ескере отырып, БАҚ туралы заңды қайта қарауды тапсырған болатын. Дегенмен бұл заң әлі дайын емес екенін көріп отырмыз. Біріншіден, заң жобасына жауаптылардың іс-әрекетіне баға беру керек. Екіншіден, БАҚ туралы заңды Мәжіліске ашық талқылауға шығару керек. Тек журналистер ғана емес, блогерлер де ақпарат саласындағы жауапкершілікті сезіну керек, бұл мәселені шұғыл қарастыру қажет", - деп түйіндеді сөзін Әнас Баққожаев.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
«Дариға Назарбаеваны сағынып жүргендер бар». ҰҚК депутаттын сауалына берді
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді