«Қазгидромет» РМК 25-27 қаңтарға ауа райы болжамын жариялады.Қазақстанның басым бөлігі оңтүстік циклон мен атмосфералық фронттардың билігінде болады, соның әсерінен қатты жауын-шашын күтіледі, солтүстік өңірлерде қар түрінде, оңтүстік өңірлерде ылғалды қар мен жаңбыр түрінде, боранмен жел күшейеді. Оңтүстіктің таулы аймақтарында қалың қар, көктайғақ, тұман күтіледі. Республиканың батыс жартысында ғана Батыс антициклоны басым болуынан ашық, аязды ауа райы сақталады. Елдің басым бөлігінде температуралық фонда елеулі өзгерістер болжанбайды, оңтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 8-13-ке дейін, таулы аудандарда 18-23 аяз, күндіз 2-7-ге дейін, таулы аудандарда 10-15 аязға төмендейді.