Боржоми қазақстандық балаларды қонаққа шақырады

 Грузияның Боржоми қаласы біздің елдегі табиғи апаттан зардап шеккен отбасылардың балаларына тосын сый әзірледі. Бұл туралы 24.КZ хабарлайды.Жергілікті курорттар қазақстандық оқушыларды оңалту курсынан өтіп, ұмытылмас демалыс өткізуге шақырып отыр. Әсем таулар, ну орман мен табиғи минералды сулар. Елімізде тасқыннан зардап шеккен балаларды гүржі елінің тұмса табиғаты күтіп тұр. Танымал курорттар қазақстандық балаларды қонаққа шақыруда. Отар Арболишвили, Боржоми қаласының мэрі: - Қазақстанда осындай қайғылы жағдай болып жатқаны өте өкінішті. Біз оны ауыр қабылдадық. Былтыр ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан достығымызды одан әрі нығайтатын құжатты бекіткен едік. Соған сай қол ұшымызды созуға дайынбыз. Атап айтқанда, балаларды оңалту бағдарламасынан өткізуді ұсынып отырмыз. Жоспарымыз - табиғи апаттан зардап шеккен балаларды осында әкеліп, көңілдерін аулап, қаламызды көрсету. Боржоми билігі шаһарға қазақстандық 20 баланы шақырып отыр. 10 күнге созылатын демалысқа балалар мен оларды алып жүрушілер ұшақ арқылы алдымен Кутаиси қаласына аттанады. Кейін автобуспен шипажайға бет алады. Лана Гиоргидзе, Боржоми қаласы мәдениет бөлімінің жастар ісі жөніндегі маманы: - Өздеріңіз білетіндей, Боржоми курорттық қала саналады. Сондықтан кішкентай қонақтарымызға керемет бағдарлама әзірлеп қойдық. Оларды түрлі экскурсиялар мен турлар күтіп тұр. Жас меймандар минералды суға толы хауыздарға шомылып, көне шіркеулер мен сарайларға сапар шегеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, демалыс балалардың көңілінен шығуы үшін барын салуға дайын. Шалва Гоголадзе, Боржоми қаласы мәдениет бөлімінің жетекшісі: - Қонақтарымызды мәдениетімізбен барынша таныстырғымыз келеді. Себебі өскелең ұрпаққа рухани құндылықтарды сіңіріп, озық білім беру – өте маңызды міндет. Түрлі экскурсиялар мен білім жағынан дамуға қатысты бағдарламалар ұйымдастыруымыз да сондықтан. Бұдан бөлек, шипажайда балаларға психологиялық тұрғыдан көмек көрсету жағы да ойластырылған. Гүржі тарапы жеткіншектерімізді асыға күтіп жүргендерін айтады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанда балабақшаларды қаржыландыру жүйесі өзгереді
«Ұшақта құрбымның ұлы болды»: Әзербайжандық әнші Роза Зергерлі қазақстандықтарға үндеу жасады
Ақтау маңындағы ұшақ құлаған жерден тағы бір қара жәшік табылды
Алматыда велосипедтерді жалға алу қайта жалғасы
Ақтау әуежайында ұшақ апатына дейін және кейін не болғаны белгілі болды
TUŃǴIYQ, ERÝLIK және ÙNDILIK TANYM коллекциялық монеталарын айналысқа шығады
Жыл қорытындысы: Білім беру жүйесіндегі қазіргі тенденциялар – инклюзивті оқытудан цифрландыруға дейін
Әзербайжан ұшақ апатынан зардап шеккендерге қанша өтемақы төлейді
Актауда ұшақ апатынан зардап шекккен Әзербайжан азаматтарын шығарып салды
Еліміздің басым аумағында қар жауады
Жұма күнге арналған валюта бағамы
Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін табылған қара жәшік қашан ашылады
Жетісайда құжатсыз жүрген 7 жасар бала: ол отбасына қайтарыла ма?
Биыл 254 мектептің құрылысы аяқталды
Бүгін Мұхамеджан Қаратаевтың туған күні
Елдігімізді танытқан ерен жыл
Елдігімізді танытқан ерен жыл
Доллар, еуро және рубльдің 27 желтоқсанға бағамы жарияланды
“Қазақстандағылар қамқор болды“ - Ұшақ апатынан зардап шеккендер
Елдігімізді танытқан ерен жыл
Қазақстандық оқушылар мен мұғалімдер қандай жетістіктерге қол жеткізді
Еліміздегі балабақшаларды қаржыландыру жүйесі қайта қаралды
Ақтаудағы ұшақ апатын тергеуге Ресей мен Әзірбайжан мамандары қатысады
Ғылым және жоғары білім министрі Абай университетінде кездесу өткізді