Ерке Есмаханның оқырмандарының бірі "YouTube-те сүйінші сұрап жатыр ғой. Ерке босанды деп. Аллам жеңілдігін берсін! Жеңіл толғақ берсін!" деп жазған. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында айтты. "Иә, соны көрген туыстарым хабарласты ғой, рас па деп. Ерінбейді екен сондай жасайтындар. Не деп жатыр, қыз ба, ұл ма?" - деп жауап берген әнші. Сондай-ақ ол балаға әлі кіндік әке-шеше таңдамағанын айтты. "Осыны кеше ғана ойлап едік. Білмей тұрмыз әлі", - дейді ол.