Қарағанды облысындағы жарылыста полиция қызметкерінің әкесі мен анасы қаза тапты. Қызметкерге облыстық полиция департаментінің өкілдері көңіл айтты.Қарағанды облыстық полиция департаментінің басшылығы, жеке құрамы және ардагерлер кеңесі Бұқар жырау аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі Дәурен Тұрсынбековке ата-анасы Төлеген Тұрсынбекұлы мен Алма Омаровнаның мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады, - делінген ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында.