Пластик құтыдағы суды ішетіндер белсіз, уақыт өте келе ессіз етуі мүмкін. Мамандар "баклажка жігіттерді ұрпақсыз қалдырады" деп дабыл қағуда. Ал жасөспірімдер мен жеткіншектер түрлі неврологиялық дертке шалдығып, есте сақтау қабілетінен айырылады дейді. Ең сорақысы - аты жаман ауруды асқындырып, қант диабетін қоздыруы мүмкін. Күн сайын миллиондаған жанның қолында жүретін қауіпті бөтелке туралы толығырақ келесі сюжетте. Газдалмаған су денсаулыққа пайдалы деп жатамыз. Ал дәрігерлер пластмасса құты көп тұрса у бөлетінін айтып дабыл қағуда. Дерттің дені пластикалық бөтелкеден тарап жатыр дегенге сенбеуіңіз мүмкін. Бірақ, қант диабеті мен рак ауруларына шалдыққандар саны артқан. Екатерина ЧЕРНОГЛАЗОВА, ПЕДИАТР: Тек қана су емес, ол құтының ішінде тәтті су, газдалған су болатын болса бұл токсиннің әсерін одан әрі арттыра түседі. Ал жасөспірімдер арасында түрлі неврологиялық ауруларды үдетіп жібереді. Баланың ойлауы мен есте сақтау қабілетін төмендетеді. Жүрек қантамыр жүйесінің ауруларын қоздырып, эндокриндік гармондардың бөліну реттілігін бұзады. Ең қауіптісі - қант диабеті, рак сияқты ауруларға алып келеді. Пластикалық ыдыс-аяқта сақталған тағамға сіңген химиялық улы заттар адам ағзасына түскенде денсаулыққа баяу түрде залал келтіретін көреніде. Эндокринолог маман бірнеше рет пайдаланған бөтелке қатерлі ісіктен бөлек бедеулікке де алып келеді дейді. Жанат АЛДАН, ЭНДОКРИНОЛОГ: Бөтелкедегі су әсіресе жылып кеткен кезде ішуге болмайды. Себебі организмде улану пайда болады. Миға әсер етіп, көп жағдайда әйел мен ерде бедеулікке алып келеді. Тұрмыста қолайлы болғандықтан сусындар мен май түрлерін сақтап, тасымалдауда бұдан ыңғайлы ыдыс түрі, әзірше, табылмай тұр. БЛИЦ:САУАЛНАМА: - Иә, постоянно ішіп тұрамыз. -Зиян екенін білесіз бе негізі ? -Жоқ. - Зиян екенін біле тұра пайдаланасыз ба енді? -Білем. -Бірақ ішесіз? -Ішем, не істейміз енді? - Специально тапперский деген бар ғой фирменный сондай алуға талпынамыз. Қымбаттау болса да соларды аламыз. -Білдіңіз бе негізі зиян екенін. -Иә. - Все равно аламыз, потому что это все равно практично. И больше чем стеклянная, все используют все равно пластиковую посуду даже. Мамандар ас қорыту үшін біз ішіп жүрген газдалған судың да аса қауіпті екенін ескертті. Сондықтан судың өзін сұрыптап, арнайы ыдыстан ішуге кеңес береді.