Foreign_Slice8964 лақап атымен тіркелген Reddit қолданушысы той алдында жігіттермен бас қосқан күйеу жігітінің видеосын көріп, тойдан бас тартқан. Оқиғаның мән-жайын білген желі қолданушылары қыздың бұл шешімін қолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Қалыңдықтың айтуынша, тойға бір күн қалғанда құрбыларымен және отбасымен қыз ойнақ жасаған. Ал күйеу жігіт достарымен бас қосып, түнгі барда жігіттер кешін өткізді. Жазба авторы, күйеу жігітінің бұлай тойлауына еш қарсылық білдірмеген. Алайда кеш барысында құрбыларының бірі қалыңдыққа жігіттер кешінде түсіріліп, желіде жарияланған күйеу жігіттің видеосын көрсеткен. Бейнежазбадан болашақ күйеуінің бөтен қыздармен сүйісіп, тіпті солардың бірі жігіттің тізесіне отырып, эротикалық би билегенін көрген. “Видеоны көріп көңілім түсіп кетті. Күйеуім үйге келіп, болған жағдай туралы сұрағанда ол: “Бойдақтықпен қоштасқанда жігіттердің бәрі осылай істейді. Бұл біздің бойдақ жігіт ретінде соңғы түніміз” деп ақталды. Кейін мұны ұмытпақ болып шештім”, – дейді қыз. Той болатын күні жігіт жуынатын бөлмеге кіріп кеткенде оның ұялы телефонына хабарлама келеді. Қыз ойланбастан қандай хабарлама екенін ашып көрмек болады. “Жігітімнің төсекте екі қызбен жалаңаш жатқан суреттерін көрдім. Телефонды өшіріп, жуынатын бөлмеге кірдім де, тойдың болмайтынын айттым”, – дейді қалыңдық. Оның айтуынша, күйеу жігіт оны райынан қайтаруға тырысқан. Жігіттің жақындары да қыздың тосыннан қабылдаған бұл шешіміне наразы болған. "Ол сенің көзіңе шөп салды, ал бойдақтықпен қоштасу кешін сылтау етіп отыр. Ол сізге лайық емес", "Оның істегені дұрыс емес. Үйленетін адам олай жасамайды", - деп жазды Reddit қолданушылары. Басым көпшілігі қалыңдықтың бұрынғы күйеу жігіті кездесіп жүргенде де қыздың көзіне шөп салуы мүмкін деген болжам жасады.