Бозшакөл кен байыту комбинаты жылына 30 млн тонна өнім өндіреді. Биыл пайдалы қазбаларды игеру жұмыстарын 11 пайызға арттырды. Кәсіпорын жұмыс сапасын жақсарту үшін жаңа технологияларды қолданады. Жаңадан 6 бірдей ауыр жүк көліктерін сатып алды. Алдағы уақытта жұмыс қарқынын бұдан әрі ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бозшакөл кен байыту комбинаты – еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірі. Мұнда мыс ашық әдіспен алынады. Зауыттың жылдық қуаттылығы 30 млн тоннаға жетті. Кәсіпорында 1900-ден астам адам жұмыс істейді. Оның 359-ы карьерде кен қазады. Ермек ТӨЛЕГЕНОВ, «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС БАС ИНЖЕНЕРІ: 26 жарым млн. тонна кен өндіріледі. Ол дегеніңіз бізде құрғақ тонна бар және ылғал тонна бар. 26 млн дегеніміз құрғақ тонна болып есептелінеді. Күніне орта есеппен алғанда 85 мың тоннадай өнідерміз. Соңғы 2 жылда бұрғылау жұмыстары 70 мың метрге дейін жетті. Осы арқылы пайдалы қазбаларды игеру 11 пайызға артқан. Мұндағы қор 40 жылға жетеді деп жобаланған. Алайда, жыл сайынғы бұрғылау жұмыстарының арқасында кен орнының қоры ұлғайып келеді. Рүстем ТӨЛЕУБЕКОВ, «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС ИНЖЕНЕРІ: Негізгі метал ретінде мыс өндіріледі. Қосымша алтын, күміс және молибден өндіріледі. 21-22 жылдардағы колонкалық бұрғылау кезінде осы кеніштің запасы 11 пайызға артқан болатын. Кәсіпорын жұмыс сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлген. Соның нәтижесінде кен орнына су жаңа 6 жүк тиеуші көлік сатып алынды. Бұған компания 19 млн. доллар жұмсаған. Ал техникалардың үздіксіз жұмыс істеуі үшін қызмет көрсету орталығы іске қосылды. Асқар ҒАЙНОЛЛА, «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС ИНЖЕНЕРІ: Ерекшелігі адамдар шығар. Бүкілі бәрі үйреніп өзімізде техниканы жинай аламыз да, құрастыра да аламыз. Бүкіл ремонттарын таукенде істей аламыз. Зауытта 74 техника жұмыс істейді. Оның 34-і жүк тиеуге арналған көлік. Олар кен орнынан шыққан шикізатты диірменге тасиды. Осы арқылы кен байытылып, өнім ретінде шығарылады.