Атырауда бір апта бұрын жоғалып кеткен 33 жастағы жігіт шаруа қожалығынан табылды. Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, із-түзсіз жоғалған 33 жастағы жігітті іздестіру іс-шарасы үздіксіз жүргізілген. Оны іздестіру Атырау қаласында да, Қызылқоға ауданында да қолға алынған.Іздестіру іс-шарасына Атырау қалалық полиция басқармасы мен Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тартылған.Нәтижесінде Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен жігітті Темірбай учаскесіндегі шаруа қожалығынан тапқан. Полиция қызметкерлері жігіттің аман-есен табылғаны туралы туыстарына хабарлаған.Туыстары іздеу салған жігіттің зорлық-зомбылыққа ұшырамағаны, шаруа қожалығына пішен дайындауға өз еркімен келгені анықталған. Ол туыстарымен байланыспауына мобильді телефонында ақауы болғанымен түсіндірген.Басылым жазуынша, қазіргі таңда Қызылқоға ауданындағы Мұқыр ауылынан 70 шақырым қашықтықтағы аталған учаскеде қысқы мал азығына қажетті пішен дайындау жұмыстары жүріп жатыр.