Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Мен қазір Астанадағы орталық базарлардың біріндемін. Бүгін ауылдан ата-анам келеді. Соған байланысты үйге азық-түлік алуым керек. Енді бізге әзірге айлық түскен жоқ. Сондықтан менде бар қаражат тек қана 10 мың теңге. Көрейік, 10 мыңға қандай азық-түлік ала аламыз. Ең бірінші онда мен тамаққа дәмді салат дайындау үшін қияр мен қызанақ алғым келіп тұр. Бір келі салып бересіз бе, аға? + Өткен жылы қанша теңге болды? Ескендір, САТУШЫ: Өткен жылы 200 теңге болды. – Биыл сонда 100 теңгеге қымбаттады ғой? – 50-100 теңгеге қымбат. Ыбырай, САТУШЫ: Қаншадан болып жатыр? – Қарбыз - 150, қауын – 350. Пияз қанша? - 280-300. – Картоп? – 280. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Міне, құрметті көреремен! Осының өзіне менде 3 мың-4 мың теңге кетті. Менің ең қатты жақсы көретін жемісім. Дәмін көрейік. – 1070 теңге. – Мың теңгеге ала беріңіз. – Рақмет. Қаймақ қаншадан болып жатыр аға? – 1500-ден. – 1400-ге берсеңіз алайын. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Міне, жана өздеріңіз көргендей, мен 10 мың теңге алып шыққан едім. Көп нәрсе алмаған секілдімін. Бар болғаны 3 пакет қана. Осының өзіне 10 теңге кетті. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Не алып жатсыз? – Огурцы, помидор. +Пияз, бәрі қымбаттап кетті ғой. - Бір аптасына 100 мың теңге кетіп қалады, продуктыдың өзіне. - Қызанақ алдым, баклажан алдым. – Екеуі қанша шықты? – 915. - Үйге тамақ алдым. –Шамамен 70 мың бар ма мұнда? – Жоқ. -20? – Иә. – Қанша күнге жетеді? – 2-3 күнге. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Бұрын анаммен базарға келген сайын балмұздақ жейтінмін. Сол әдетті еске алып отырмын. Ең керек деген азық-түлікті алдым. Мен жобалап шыққан ақша жеткен жоқ. Сондықтан тізімнен біраз азық-түлікті сызып тастауға тура келді.