Бір айдан кейін банкроттыққа өтініш беруге болады

Қарызы жабылмаған адамдар 2023 жылдың 3 наурызынан бастап банкроттыққа өтініш бере алады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.«2022 жылдың 30 желтоқсанында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңына қол қойды. Бірақ заң ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң күшіне енеді. Осы орайда қарызы барлар 2023 жылдың 3 наурызынан бастап банкроттыққа өтініш бере алады», - деді Е.Біржанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Бұл тұрғыда ол банкроттық туралы заң рәсімдердің үш түрін қарастыратынын, онда соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру қамтылғанын еске салды. Бұл рәсімдерді тек қарыз алушының өзі ғана бастай алады, яғни несие берушінің борышкерге қатысты осы рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ. «Соттан тыс банкроттыққа тоқталсақ, бұл рәсімді азаматтар тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы борыштар бойынша тиісті шарттарға сәйкес қолдана алады. Біріншіден, олардың алдындағы қарызы 1 600 АЕК-тен аспауы тиіс. Екіншіден, қатарынан 12 ай ішінде қарызына қатысты міндеттемелері өтелмеген болса, сондай-ақ өтініш берушінің мүлкі болмаған жағдайда іске асырылады», - деді вице-министр. Бұл рәсімді мемлекеттік кірістер органдары атқаратын болады. Арызды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы, яғни E-gov және ХҚКО арқылы электрондық нұсқада тапсыруға болады. Бұдан басқа, «E-salyg Azamat» қосымшасы арқылы арыз беру мүмкіндігі іске асырылады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болады
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз