"Бір-бірімізбен қырылысып жатамыз ба": Дариға Бадықова көрермендерге ренішін білдірді

Қазақстандық танымал актриса Дариға Бадықова көрермен қауымына ренішін білдірді. Өнер иесі жақында ғана көпшілікке жол тартқан тырнақалды туындысы "Таптым-ау сені" фильмін желіде рұқсатсыз жариялап жатқандарды сынға алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Дариға Бадықова фильмін рұқсатсыз жариялап жатқандарға Instagram парақшасында үндеу жасады. Актриса көпшілікті еңбекті бағалауға шақырып, заңсыз әрекетті доғаруды ескертті. Өнер иесі бұл жағдай тоқтамайтын болса, сотқа жүгінетінін жеткізді. "Құрметті көзі қарақты көрермен! Бұл менің алғашқы бар ынтаммен, махаббатыммен сіздерге ұнаса ғой деп тілеп түсірген фильмім ғой! Бұл фильмде кадр сыртында сексенге жуық ұжым жұмыс істеді. Еңбектену қашан да оңай емес. Кейде бұл еңбекті бағаламай құнсыз етіп, фильмді еш рұқсатсыз Youtube желісіне, Telegram-ға салып жатқандар да бар. Мен кей кісілерден өтініп сұраймын. Фильмді қай бір желіге рұқсатсыз салсаңыз заңсыз әрекет жасағаныңыз. Бір-бірімізге заң пайдаланып, қырылысып жатамыз ба? Одан да желіге салуды доғарыңыздаршы. Доғарылмаса ұят болады! Заңға берсем, кім жаман? "Дариға жаман" болып қаламын", - деп жазды ол. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанда күн суытады: 13 желтоқсан 2024, 14:31 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тәуелсіздік таңы атқан күн
Демалыс күндері күн райы қандай болады?
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді