Бір депутаттық орынға үш кандидат таласады. Бүгін Орталық сайлау коммиссиясының орынбасары осылай деді. Оның айтуынша, Мәжіліс депутаттығына 7 партиядан 283 кандидат ұсынылған.Константин ПЕТРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Саяси партия өздеріне мүше болмаған тұлғаны тізімге қосуға құқығы жоқ екендігін еске салғым келеді. Партиялық тізімге қосылған тұлғалар саны саяси партиялар арасында бөлінетін депутаттық мандаттың белгіленген санынан 30 пайызға асып кетпеуі тиіс. Бұл ары кеткенде 90 адам, одан төмен де болады. Партиялар партиялық тізім саны қанша болатындығын дербес анықтады. Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясы19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс және мәслихат сайлауына тағы 37 шетелдік байқаушыны аккредиттеді. Қытай Халық Республикасы 2 және Нидерланды Корольдігінен 3 байқаушы, Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлауды байқау жөніндегі миссиясынан 32 байқаушы ұсынылды. Ә. Дүкембаева