"Бір көргенде ұнатпадым": Қанат Исламның әйелі күйеуімен алғаш кездескен сәтін еске алды

Қанат Ислам "Хабар" арнасындағы "Алғашқы" жобасында қонақ болды. Бағдарлама барысында боксшының әйелімен таныстығы туралы сөз қозғалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Қанат Ислам мен жұбайы Гүлмира Ислам осыдан он жыл бұрын шаңырақ көтерген. Екеуі бүгінде алты бала тәрбиелеп отыр. Гүлмираның айтуынша, ең алғашқы кездесуде болашақ жары өзіне қатты ұнай қоймаған. "Жолдасыммен алғашқы кездесуіміз цирктің алдындағы саябақта өтті. Ол бірінші кездесуге кешігіп келді, 15 минуттай күтіп тұрдым. Бір көргеннен ұнатпадым. Екінші кездесуде мен ойлағандай жігіттің бір бейнелері көріне бастады. Менің ата-анамның, ағаларымның көңілінен шыққандықтан, бізге үлкен кісілер батасын беріп, үйленуге рұқсат етті. Бір айдан соң қазақтың салт-дәстүрімен сырға салып, құда түсті", - дейді Гүлмира. Өкінішке қарай, боксшының үйлену тойына оның Қытайдағы ата-анасы келе алмаған. Олардың тойға қатыса алмауына виза мәселесі себеп болады. "Сырға салып болған соң, екі-үш күнге дейін маған хабарласпады. Мен де хабарласпадым, қыз болған соң назданасың ғой. Спортшының жарына ең қиын нәрсе - күту. Ол кісі жарысқа дайындалғанда үйдің тыныштығы мен балалардың саулығы да ең маңызды нәрсе. Қазір сол күннен бері он жыл өтті. Алты баланың ата-анасы атандық. Екеуміз бірге бақытты ұл-қыздарымызды өсіріп келе жатырмыз", - дейді Гүлмира Ислам. Ал Қанат Ислам сүйіктісін алғаш көргенде-ақ, оған үйленетінін түсінген. "Бір көргенде-ақ айттым. "Менің әйелім осы екен", - дедім. Әлі көрмесем де, сөйлеспесем де, алатыныма сендім. Маған не сенім бергенін білмеймін. Алла әр нәрсені солай әкеледі екен", - деді боксшы. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
«ҚФФ-ның жаңа басшысы қазақ тілін білуі тиіс»: ол Черчесовтен құтыла ма?
Омбы-Майқапшағай трассасында жол апаты болды
Ауадан жасалған «сиқырлы» материал электр көліктеріндегі өртті тоқтатады
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
Екібастұзда зейнеткер ауруханаға түсіп, 13 миллион теңге ақшасынан айырылды
2025 жылы Қазақстан халқын қандай оқиғалар күтіп тұр? Астролог болжамы
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Түркістан мен Жамбыл облыстарында жол жабылады
Инсульт алып, ауруханада жатқан зейнеткердің 13 млн теңгесі қолды болған
2025 жылы қалай киіну керек? | Сағатына 150 мың табамын | Бренд қуатын адамдар клоун - CТИЛИСТ
Дзюдодан ұлттық құрама Токиода жаттығуын бастады
Ауадан жасалған «сиқырлы» материал электр көліктеріндегі өртті тоқтатады
Абай облысында өнеркәсіптік әлеует артып келеді