Қазақстандық танымал актер Руслан Нұрман келіншегі Жәудір Сарыпбековамен қалай танысқанын айтып берді. Өнер иесі оны бір көргеннен ұнатып қалып, өз адамы екенін түсінген.Өнер өкілдерінің таныстығы театрдан бастау алған. Руслан Нұрман жас актрисаны бір көргеннен ұнатып, алғаш танысқан күні оған алып қашатынын айтқан. "Театрдағы жігіттер жаңадан қыз келгенін айтып қалды. Барсам боянатын жерде басқа қыздармен бірге отыр екен. Қастарына барып, танысып алдым. Сосын қалжыңдап, Жәудірге "сені алып қашып кетемін" дедім. Бір көргеннен ұнаттым. Бір көргеннен жүрегіме жылу сыйлады. Бірден жақын тарттым өзіме. Сол "алып қашам" деген кезде періштелер "әумин" деген ғой. Сосын екі жылдан кейін үйлендік. Алып қаштым. Бірақ, ата-ана рұқсатымен алып қаштым", - деді актер "Менің өмірім" бағдарламасында. Айта кетейік, бүгінде Руслан Нұрман мен Жәудір Сарыпбекова үш баланы тәрбиелеп отыр. Олардың екі ұлы мен бір қызы бар.