Бір қоянның бағасы – 10 мың теңгеге дейін барады

Әр жылдың әртүрлі сипаты бар. 2023 жыл «көк немесе қара су қояны» жылы деседі. Қоян жылынан не күтеміз? Халық жорамалы қандай? Қостанай облысында қоян шаруашылығы болмаса да, он-жиырма, отыз өсіріп отырғандар жетерлік. Жарнамаларға көз жүгіртсек, ор қоян, ақ қоянның көбі суретке түсу үшін жалға беріледі екен. Ал оның еті диеталық тізімге жатады. Бір қоянның бағасы – 10 мың теңгеге дейін барады. Жергілікті университет зертханасында қоянның түр-түрі бар. Олар зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жан-жақты бақылау жасау үшін қажет. Ертай ЕРЖАНОВ, ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ: Қорқақ деп айтады. Бірақ өте қорқақ сияқты емес. Қаншама көріп келеміз.Балалар ұстайды. Кішкентай кезінен қолға үйреніп жүрсе. Нәзік.Жұмсақ.Ұнайды өзі тазалығы жағынан. 2023 жыл - қара су қоянының жылы. Мұндай "қара" және "су" үйлесімі 60 жылда бір рет кездеседі екен. Яғни, осыған дейін 1963 жыл - қара су қоянының жылы болған. Рауан БАЙДАЛЫ, ТАРИХШЫ: Екі рет президент сайлауын өткіздік тәуелсіз Қазақстанда.Сонан кейін Азиада ойындары өтті.Қауіпсіздік ынтымақтастық ұйымына мүше болған. Қоян - өсімтал жануар. Тез көбейеді. Бизнеске барынша тиімді. Ебін тапса, одан әртүрлі өнім алуға болады. Терісі де, еті де сұранысқа ие, дейді мамандар. Ал нумеролог Гүлмира Зуркина жаңа жылдан не күтуге болатынын болжап отыр. Гүлмира ЗУРКИНА, НУМЕРОЛОГ: Қоян жылы тыныш, тұрақты болады. Экология және медицина саласында жаңашылдықтар көп болады. Сондай-ақ, қоян жылы – отбасы жылы. Басы бостар теңін тауып, айырылысқандар қосылады. Адамдар отбасымен көбірек уақыт өткізуге талпынады. Бизнес саласында жұмыс істемегендер де өзін сынап көрсе болады. Тек абай болу керек. Адамдар коммуникация мен өзгерістерге ашық болады.Жаңа Жылдан тек жақсылық күтеміз. Қамбалы қоян жылы молшылық пен мереке, берекенің басы болсын. З. Санай

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанның Бакудағы Елшілігінде ту төмен түсірілді
«Исламды қабылдаған ба»: Мединеге барған Жиров көпшілікті ойландырып қойды
Бізге керегі – заң мен тәртіп
Қара жәшік табылды
Қанат Бозымбаев ұшақ апаты туралы мынадай деректерді ұсынды
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстарына қайда хабарласу керек
2025 жылы еңбек демалысын қай айда алған тиімдірек? Біле жүріңіз!
Қураған ағаштан келер қауіп көп
Сауда үйінің қызметкері көмек сұраған зейнеткердің ақшасын ұрлап алған
Түркі жұртына ортақ тұлға
«Дарынды бала болды». Мұғалімдер ұшақ апатынан көз жұмған оқушы туралы айтты
Насыр – үздік баяншы
Қазақстанда жаңа 2 000 теңгелік банкноталар пайда болады
«Әуе апаты кездейсоқ болмайды»: Экс-шенеуніктің жазбасы елді ойландырып қойды
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директорына қатысты тергеу аяқталды
Сөздегі емес, істегі нәтиже маңызды
Теңіздің екінші тынысы ашыла ма?
Бізге керегі – заң мен тәртіп
Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады
Шаттыққа толы шыршатой
Жол үстінде көліктерін “билеткен“ павлодарлық жүргізушілер жауапқа тартылды
Көшпелі жиын өтті
Мәжіліс биылғы жұмысын қорытындылады