Айтыскер, ақын Сара Тоқтамысова жақында парламент мәжілісінің депутаты атанған Дәулет Мұқаевты үйіне қонақ етті. Бұл жайлы Тоқтамысова Instagram парақшасында мәлімеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Өзіміз отырып шай іштік. Дәулетке кеше үйге келгенде, "Әй, бауырым, депутат болмақ түгілі, президент болып кетсең де туған бауырымдай еркелете береміз" деп қалжыңдадым. Ант қабылдағанын айтып, бір мақтанып алдық өзіміз. Шүкір, тіл-көзден сақтасын. Аңдаусыз, бәле-жала деген аяқ астынан ғой. Өтірік сөзден бұрын, іс-әрекетін келемеждеп көлгірситіндер демде ғой. Алла сақтасын, абыройың биігінен түспесін деп тілегімізді айтып отырдық. Ұлдарым Дәулеттей ақылды, байсалды, байыпты болсын деп жүремін үнемі", - деп жазды Сара Тоқтамысова.Естеріңізге сала кетейік, Дәулет Мұқаев - журналист, экономист, танымал блогер. Ол жақында VIII шақырылымдағы Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты болып сайланды. e