Әнші Рүстем Нұржігіт пен Ақбота Керімбекова бала кезде бір сыныпта оқып, бір партада отырған. Рүстем Нұржігіт DASTARXAN бағдарламасында Керімбекованы ұнатқанын ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Ақбота екеуіміз Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп интернатында оқыдық. Бір партада отырдық. Ақботаны бала кезден ұнататынмын. Екеуіміз ойнайтынбыз. Бұл мектепте Ақбота 1-сыныптан бастап оқыды. Мен үшінші сыныпта келдім. Екеуіміздің де мұғаліміміз бір болды. Екі жылдан кейін Ақбота басқа мектепке ауысып кетті. Сол кезде айта алмайтынмын. Ұялып жүретінмін", - деді Рүстем Нұржігіт. Ал Ақбота Керімбекова сыныптасының өзін ұнатқанын бағдарлама барысында бірінші рет естіп, таңғалғанын жасырмады.