«Бір сағаттан астам ілініп тұрды»: Алматыда электрик бағана үстінде тоққа түсіп, көз жұмды

Алматыда жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан электрик бағана үстінде тоққа түсіп, көз жұмды. Қайғылы оқиға Медеу ауданының Горводопровод көшесінде болды. Тұрғындар бұл маңда жарықтың жиі өшетінін айтады. Бұл жолы да электрикті тұрғындардың өзі шақырыпты. Олар «маманның көз жұмуына қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп» деп отыр. «Бұдан бөлек қолайсыз ауа райы да әсер еткен болуы керек» дейді. Серікбол ҚАЙРАМБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Біз үшін күтпеген жағдай болды. Маман көз жұмған соң, сол орнында бір сағаттан астам уақыт жабысып тұрды. Кеше күні бойы қалың қар жауды ғой. Мәселе сонда болуы мүмкін. Оның үстіне электриктің өзі де дайындықсыз келген сияқты. Үстінде арнайы киім болғанымен, саты, басқа да құрылғыларды көршілерден алды. Басшылық мұны қадағалауы тиіс деп ойлаймын. Бұл желілер Алматы қаласының коммуналдық меншігінде көрінеді. Оларға осы уақытқа дейін «EC Energy Qazaqstan» компаниясы қызмет көрсетіп келген. Аталған жекеменшік компания тұрғын үйді электрмен жабдықтауға рұқсатсыз қоспақ болған. «Тиісті жұмыстар өз бастамалары бойынша жүргізілді»,- дейді әкімдік өкілдері. Мерей ОҢҒАРОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Медеу ауданындағы Горводопровод көшесіндегі тұрғын үйдің жанында «EC Energy Qazaqstan» қызметкері тұрғын үйді электрмен жабдықтауға рұқсатсыз қосу кезінде электр тоғына ұшырады. Бұл жұмыстар басқарма және Алатау Жарық компаниясы жағынан келісілмеген және хабарланбаған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Астанада түнгі ауысымда қар тазалауға 1300 арнайы техника жұмылдырылды
Жетісу облысында адам қағып, мерт қылған жүргізуші ұсталды
«Тұран таулары» халықаралық симпозиум-пленэрі көрмесі ашылды.
55 миллион теңге ұрлаған күдікті Швецияда ұсталды
Жазушы Мұхтар Мағауин АҚШ-та жерленеді
Алматыда есірткі өндірісіне арналған 3 тонна прекурсорлар мен құрал-жабдықтар тәркіленді
Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды
11 қаңтардағы ауа райы болжамы: тұман мен жел күтілуде
Ғалым Мекемтас Мырзахметұлы өмірден өтті
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 миллион теңгені жымқырған
Абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден өтті
Tesla-ның 239 000 көлігінде камераның ақауы табылды, оларды кері қайтарып алмақшы
Белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден озды
Банктен 55 млн теңге ұрлаған қазақстандық шетелде қамауға алынды
Ақмола тұрғыны чат-рулеткадағы әңгімесінен кейін сотталып кетті
Белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметұлы өмірден өтті
Түркістан облысында 110 жастағы қария төлқұжатын жаңартты
Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден озды
Ақмола облысының тұрғыны ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін сотталды
Банктен 55 миллион теңге жымқырған қазақстандық Швецияда ұсталды
«Үстінен екі рет мыжып өткен»: Семейде қызды көлікпен қағып өлтірген жүргізуші небәрі 2,5жылға сотталды
Жетісу облысының колледждерінде 14 жаңа мамандық ашылады
Ұлтаралық алауыздықты қоздырған Ақмола тұрғыны сотталды