Желіде «бір сағаттық күйеу» деген жазбаны көрсеңіз, таң қалмаңыз! Үйіңізде бұғатталып тұрған техникаларыңыз бен жиһаздарыңызды келіп жөндеп береді. Елімізде бұл қызметті қолданатындар көп екен. Арайлым ҚАНАТҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Желідегі жарнама бойынша «бір сағаттық күйеуге» хабарласып көрдім. Қазір көреміз, не дейді екен? «Бір сағаттық күйеу» қызметіне мен де жүгіндім.Саламатсыз ба, келіңіз.... Үйдегі сөремнің есігі, электр нүктелері мен құбыр жөндеуді қажет етіп тұр еді, лез де істетіп алдым. Бос тұрмай, өзімді қызықтырған сұрақтарымды қойдым. Әділ, «БІР САҒАТТЫҚ КҮЙЕУ»: -Сұраныс бұл қызмет түріне көп пе? -Кейде бар, кейде жоқ. Күніне 3-4 рет шақыртуы мүмкін, 5-6 рет шақыртуы мүмкін. -Күніне шамамен делік қанша ақша көлемінде табасыз? -Ол да шақыртуға байланысты. «Бір сағаттық әйел, бір сағаттық әке, тіпті бөтелкелес» деген де қызмет түрлері кеңінен танымал.Тұрғындардың айтуынша, көбі бұл қызмет түрін естісе де, әзірге қолданысымызға қажеттілігі туындамады дейді. Алайда, бұл қызметтің тигізер пайдасы көп екеніне сенімді. БЛИЦ-САУАЛНАМА: -Жалға алатын үй қызметін қолданамын. Бірақ басқаларын көрмеппін. Бір сағаттық күйеуді естігенмін. -Вообще көрген жоқпыз ондайды. Естіген жоқпыз. -Естігенім бар. Жалпы оның атауы өзі біртүрлі естіледі ғой. Былайынша, әр нәрсенің өз маманы бар ғой. Қоғам белсендісінің де ойы осындай. Атауы құлаққа түрпі естілгенімен, қоғамға пайдалы қызмет түрі дейді. Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ: Бірақ енді осының аты шынында біртүрлі болып естіліп тұр да. Бұл да бір жаңа заманда қызметті ұсынудың бір жолы. Маркетинговый ход дейді ғой. Барынша осындай атауларды реттеп отыратын, қадағалап отыратын жүйе болу керек сияқты. Сұраныс ұсынысты айқындайды. Елімізде моно-отбасылар, қараусыз қариялар көбейген сайын жалдамалы қызмет түрлері де көбейеді. Алаңдайтын мәселе!