Өткен бір тәулікте коронавирус инфекциясы 46 адамнан анықталды, коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдыққандар жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.12 ақпандағы мәлімет бойынша, қазір ел өңірлерінде коронавирустан 1 647 адам (коронавирус (КВИ+)–1 485, пневмония (КВИ-) – 162) емделіп жатыр. Олардың ішінде 137 пациент стационарда, 1 510 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: - 6 адамның жағдайы ауыр, - 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, - 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Айта кетейік, 11 ақпандағы тәулік ішінде коронавирус - 93, пневмония 4 адамнан анықталған еді.