Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясына – 69, коронавирус белгілері бар пневмонияға 3 адам шалдықты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінен мәлімдеді.Жалпы 1 ақпандағы ақпарат бойынша, ел өңірлерінде коронавирустан 1 551 адам (коронавирус (КВИ+) –1 404, пневмония (КВИ-) – 147) емделуде. Олардың ішінде 121 пациент стационарда, 1 430 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: - 6 адамның жағдайы ауыр, - 1 пациенттің жағдайы өте ауыр, - 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Айта кетейік, 30 қаңтардағыц тәулік ішінде коронавирус 46 адамнан анықталған болатын.