"Бір тісті жұлу құны - 10 мың теңге"

Қазір бір тісті жұлу құны -10 мың теңгеден асып жығылады. Емдеу, имплант салу құны тіпті аспандап тұр. Бұған тұрғындар наразы. Ал тіс дәрігерлері не дейді? Мөлдір Жақанның бейнематериалы. Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ: Әдетте, біз тіс күтіміне аса мән бере бермейміз. Тіс қадірін ауырғанда білерсің демекші, жанымыз қиналғанда ғана дәрігерлерге жүгінеміз. Алайда, қазір аурудың өзінен емес, оны емдеу құнынан шошитын заман. Себебі, тіс емдеу бағасы өте қымбат. Қызметтің ең көп көлемі Алматы қаласында көрсетілген. Алғашқы үштікке сондай-ақ елорда (7,1 млрд теңге) мен Шығыс Қазақстан облысы (1,3 млрд теңге) енді. Ең аз қызмет Түркістан облысында көрсетілген. БЛИЦ: - Ақшасы барлар емделеді, ақшасы жоқтар жүреді тіссіз. Біз барған кезде 200-250 мың деген. 500 мың сұраған. Өз басым емдетпей қайтқанмын. - Бұрынғыдай баға емес, әрине. Қымбаттаған бәрі. Тіс емдеу деген бұрыннан қымбат қой енді. - Тіс емдеу бағасы өте қымбат. Ақшаны миллиондап табатындар ғана барлық тісін бірден емдетіп ала алады. Біз несие алуға мәжбүрміз. Мемлекеттік емханаларда 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, мүгедектер, көп балалы аналар мен зейнеткерлерге тегін стоматологиялық қызмет көрсетіледі. Ақылы қызмет аламын деушілерге де мүмкіндік бар. Мұнда баға қолжетімді. Жекеменшік орталықтардың бағасына қарағанда шамамен 30 процент арзан көрінеді. Мәселен, мемлекеттік емханада тіс жұлдыру құны 5000 - нан басталса, жекеменшік орталықтарда 10.000 теңгеден асып жығылады. Сәбит БЕКТҰРҒАНОВ, ТІС ДӘРІГЕРІ: Бізге күн сайын талон бойынша 100-ден аса науқас келеді. Қазір тіс кариесі ең көп таралған ауру. Одан басқа да түрлі аурулармен келіп жатады. МӘМС шеңберінде тегін көмек көрсетеміз. Стоматологиялық қызметтің бағасы нарыққа байланысты өседі. Дәрінің, қажетті құрал жабдықтардың бағасы да өсіп жатыр. Амалы қалмаған тұрғындар тіс емдетуге қаражатты зейнетақы қорынан алуға көшкен. Әйгерім НИЯЗБЕКОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан тіс емдетуге анам екеуміз қаражат шешіп алдық. Менікі 1 млн теңгеге жуық сумма болды. Анамдікі 700.000-ға жуық болды. Сол арқылы біз тісімізді емдеттік. Қазір білесіздер, тіс емдету қымбат. Осы сумманың барлығы кетті. Тіс жұлдырдық, имплант салдық. Айта кету керек, қазақстандықтардың 96 пайызы зейнетақы қорындағы артылған соманы тіс емдеуге жұмсаған. М. Жақан

Читать источник astanatv.kz/kz/
Лига Кубогы. Жаңа трофей елорданың қанжығасында
Павлодарда заңсыз онлайн казино ұйымдастырып келген топ ұсталды
Қазақстан полицейлері шағын футболдан Нидерландыда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті
WhatsApp-та тағы бір пайдалы функция пайда болады
Елімізде 170 мыңнан астам адам өзін-өзі құмар ойындардан шектеген
Мемлекет жер қойнауын пайдалану құқығына арналған аукциондардың ашықтығын қамтамасыз етеді
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
Алматының Сайран жағалауындағы жаңа қоғамдық кеңістік 2025 жылы ашылады
Еліміздің валюталық және алтын-валюта резервінің көлемі 100 млрд доллардан асты
Қазақстанда жерді адал пайдаланушыларды анықтау үшін құқықтық негіз жасалады
Алматы мектептері “Көкөніс айын” өткізуде
Түркия түлектері Алматыда бас қосты
Елімізде лицензиясыз қызмет еткен 58 мектеп анықталды
Алматыда пәтерді жалға берушілер жауапқа тартылды
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Хорватияға алғашқы ресми сапармен келді
Қазақстан туберкулезді жою ісінде ДДҰ-ның үздік практикалар орталығы болуға дайын
Қазақстан полицейлері шағын футболдан Нидерландыда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті
Алматыда құрылыс нысанына айыппұл салынды
«Ордабасыға» енді 5,3 млрд теңге қаржы бөлінбейді, 16 футболшы командадан кетеді - Шымкент әкімі
Алматыда жаңа деңгейдегі қауіпсіздік жүйесі іске қосылды
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары өмірден өтті
Алматыда кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Шымкент әкімі орташа жалақының мөлшерін айтты
Полиция Екібастұзда үйінен кетіп қалған жасөспірімді дрон арқылы тапты