Бір түнде армия авиациясының ұшқыштары Қостанай облысында 140-қа жуық адамды эвакуациялады

Екі тәулік ішінде апатты аймақтан көліктік-жауынгерлік тікұшақтардың экипаждары Арқалық қаласының эвакуациялық пункттеріне 240 адамды, оның ішінде 60-тан аса баланы жеткізді.Жергілікті тұрғындар апаттан аман қалу үшін үйлер мен басқа да ғимараттардың төбелерін паналауда. Адамдарды бортқа көтеру оңай шаруа емес. Көп тонналық тікұшақтарды ғимараттардың шатырларына мүмкіндігінше жақындату асқан шеберлікті қажет етеді. Зардап шеккендерді эвакуациялау кезінде барлық қауіпсіздік шараларын сақтау да маңызды. Арқалық маңындағы апат аймағында подполковник Миршат Сағындықов пен майор Асхат Сейіловтың басшылығымен Әуе қорғанысы күштері 19132 әскери бөлімінің тікұшақ экипаждары екінші тәулік құтқару жұмыстарын жүргізуде. – Көрінетін жарық бағдарларының болмауына байланысты түнде ұшу қиын. Электр қуаты барлық жерде өшірілген. Ұялы байланыс желісінің төмендігі де тапсырманы орындауды күрделендіре түсуде. Біз бұл жағдайда адамдарды құтқарудың жалғыз жолы екенін түсініп, қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, – деп жағдайды түсіндірді экипаж командирі Миршат Сағындықов Түнде құтқару жұмыстарын жүргізуге тек Әскери-әуе күштерінің ұшқыштарына ғана рұқсат етілгенін атап өткен жөн. Бұдан өзге осы түні Қорғаныс министрлігінің әскери-көліктік авиациясымен Алматыдан Оралға Төтенше жағдайлар министрлігі 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілерін жеткізді. Қосымша күш Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарын жоюға жіберіліп отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
“Жүкті”: Түркістан облысындағы жасөспірім қызды бірнеше жігіт зорлағаны рас па?
Серіктестікке серпін берген сапар
Газаны бомбадан тазартуға 14 жыл уақыт кетеді
Жайықта су деңгейі тағы көтерілді
Алматыдан 915 шақырымда жер сілкінісі тіркелді
ШҚО-да 20 мың ағаш отырғызылады
27 жыл бала сүйе алмаған келіншек ана атанды
30 жыл бұрын зорлық жасаған ер адам ұсталды
25 жолсерікті екі жыл бойы бопсалап келген блогер сотталды
СҚО-да тасқыннан зардап шеккендерге 100 жаңа үй салына бастады
Сенаторлар "Таза Қазақстан" акциясына қатысып, көшет отырғызды
Қазақстандық компанияларға жеңілдіктер жасалады
Жаңбыр, бұршақ, қар көшкіні: ауа райына байланысты ескерту жарияланды
«AMANAT» партиясы «Таза Қазақстан» науқанына белсенді қатысуда
Қауіпті болуы мүмкін: кімге кәуап жеуге болмайды?
Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісі болды
Өзбекстан құрамасы футзалдан Қазақстаннан оза алмады
Бибісара Асаубаева әлеуметтік желіге қайта оралды (ВИДЕО)
Оралда әйел пәтерден өлі табылды: ол мұғалім болып еңбек еткен
Тұрып тамақтану зиян ба?
55 павлодарлық құтқарушы Солтүстік Қазақстан облысынан оралды
Бельгия Украинаға F-16 ұшақтарын биыл жеткізуді көздеп отыр
Алматыдан 915 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді
Ыстанбұлда «Абайды тану» білім және шығармашылық конкурсы өткізілді