Браконьерлер аулаған 288 бекіре тұқымдас балық пен 7 итбалық Каспий теңізіне қайта жіберілді. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметі хабарлады.«2023 жылғы 30 сәуірде Қазақстан мен Ресей елдерінің шекара қызметтері ҚР-дың өзге де уәкілетті органдарымен бірге браконьерлік әрекеттердің жолын кесуге бағытталған жедел-рофилактикалық іс-шаралардың кезекті кезеңін өткізді:- Рейдтік іс-шаралар барысында Каспийдің Қазақстанмен шекаралас суларында 58 құқықбұзушы анықталып, 23 жүзу құралы алынды. Ұзындығы 100 шақырымнан асатын браконьерлік тор және өзге аулау жабдықтары тәркіленді.- Табиғи мекендеу ортасына 288 бекіре тұқымдас балық, 13 мың ұсақ тұқымды балық және 7 итбалық жіберілді. - 1 647 375 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Мемлекетке 588 млн теңгеден аса келтірілетін залалдың алды алынды. «Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Каспий теңізінің биологиялық байлығын қорғауға бағытталған шараларды жалғастырып жатыр», - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.