Бразилияның оңтүстігінде болған қатты дауылдардан қаза тапқандар саны екі күнде 10 адамға жетті, тағы 21 адам әлі де хабар-ошарсыз, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва штатқа залалды бағалау үшін келген. «Бұл біздің штат тарихындағы ең ауыр климаттық апат», - деді губернатор Эдуардо Лейте. Шенеуніктің айтуынша, ауа райы қызметі сенбіге дейін жаңбыр жауады деп болжаған. Синьхуа хабарлағандай, 4,4 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды, 107 қалада төтенше жағдай жарияланды. Штаттың ең ірі қалаларының бірі Санта-Марияда сәрсенбіде көшкін болып, өзен жағадан шығып, көпірлер мен жолдарды шайып кеткен.