Бразилияда жаңбыр мен лай көшкіні салдарынан 36 адам қаза тапты

Бразилияның Сан-Паулу штатының жағалау аймағында тоқтамай жауған жаңбырдың соңы жойқын су тасқыны мен лай көшкініне әкеп соқты. Соныңи салдарынан 36 адам қаза тапты. Жергілікті G1 порталының хабарлауынша, табиғи апат салдарынан 600-ден астам адам баспанасыз қалған.«Соңғы күндері үздіксіз жауған нөсер жаңбыр жексенбі күні 19 адамның өмірін қиса, бүгін құрбан болған саны 36-ға жетті. Сондай-ақ Сан-Паулуда көбінесе жағалауда орналасқан бірнеше аудан тұрғындары зардап шекті. Дауыл салдарынан су тасқыны, лай көшкін болды, жүздеген адам баспанасыз қалды, Рио-Сантос, Можи-Бертиога және Тамойос тасжолдары жабылып қалды», - деп жазады басылым. Сонымен қатар үйі су астында қалған 550 адам эвакуацияланды. Қиын жағдайға байланысты тікұшақ құтқарушылары Сан-Себастьян қаласында жағалау маңындағы ауданның үйінді астында қалған тұрғындарына жылдам жете алмады. Жергілікті билік төтенше жағдай жариялап, карнавал бағдарламасын тоқтатты, Бразилия армиясы зардап шеккен аймаққа әскери ұшақтар жөнелтілетінін хабарлады. Айта кетсек, жақында AMANAT-тың Партиялық бақылау комитетінде су тасқынына дайындық мәселесі талқыланды. Бүгінде еліміздегі 255 елдімекен су басу қаупі бар аймақтарда қалып отыр және онда 127 мыңнан астам үй мен 700 мыңнан астам адам бар. Соған қарамастан, ҚР ТЖМ басшысы Юрий Ильиннің айтуынша, былтыр су тасқынына қарсы атқарылған жұмыс 213 елдімекеннің су басу қаупін болдырмауға және 120 мыңға жуық үй орналасқан өзге де 580 елдімекендегі қауіпті барынша азайтуға мүмкіндік берді. Онда 550 мыңнан астам адам тұрады. Комитет мүшелері су тасқыны қаупі бар өңірлердегі түйткілді мәселесі көп гидротехникалық құрылыстарда партиялық бақылау бекеттерін ашу жөнінде қаулы қабылдады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қостанай облысында шетелдіктер заңсыз жұмыс істеп жүрген
Даниал ағасына жол берді
Черчесов кетпейтін болды
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
Черчесов ағынан жарылды
Черчесов кетпейтін болды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды
25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
“57 млн жымқырған“. Әйелінің туыстарын алдаған астаналық сотталды
Маңғыстауда төрт «Жайлы мектеп» пайдалануға дайын
Колледждер үшін қазақ тілінде 100 оқу құралы жазылады
Қостанай облысында шетелдіктер заңсыз жұмыс істеп жүрген
Ербол Мырзабосынов спорт саласындағы жыл үздіктерін марапаттады
Республиканың басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Қазақстандық волонтерлер Ташкенттегі халықаралық форумға қатысып жатыр
«Қарғыс атқыр...»: Қанат Әлжапбаровтың тойда айтқан сөзі жұрттың ашуына тиді
Екі айда жол ережесін 308 рет бұзған ақтөбелік ұсталды
Күдікті ұсталды: Алматыда белгісіз біреулер 20 жастағы жігітті пышақтап кетті