Ақтауда құлаған шатыр бір жұмысшының өмірін қиды. Кіреберіс үстіндегі маңдайшаға 25 жыл болған. Осы уақыт ішінде оны тек сырлап қана қойған, бірақ күрделі жөндеу жүргізілмеген екен, - деп хабарлайды Massaget.kz. Басылым мәліметінше, 9-ықшамаудандағы 4-үйдің тұрғындары апат орын алған кезде үш жұмысшының маңдайша үстінде болғанын айтады."Олар тескішпен алдыңғы шығып тұрған бөлігін кесіп тастады. Бұл кезде үшеуі де күнқағарда болған. Шамасы, ауырлық центрі ауысып, бетон қалқа қисайған сияқты. Бір жұмысшы бірден шетке құлап түсті, екіншісі аяғынан жарақат алды, үшіншісін тіпті цемент басып қалды. Біз ер адамдарды көмекке шақыра бастадық - көрші дүкеннің қызметкерлері бірден жүгіріп келді, жай ғана өтіп бара жатқандар, көршілер де дереу жетті. Жиырма шақты адам жиналып, ауыр плитаны әрең жылжытты", - дейді 4 үйдің тұрғыны Валерия Фурсина.Тұрғындар жедел жәрдемге тез хабарласу мүмкін емес болғанын айтады."Олар бір жұмысшыны плита астынан алып шыққанда әлі тірі еді. Тамыр соғысы, жүрегі соғып тұрды. Әртүрлі нөмірлерден 10 жедел жәрдем шақырдық. Көршілер: "Тезірек келіңіздерші!" деп айқайлады. Жедел жәрдем көлігімен жас мамандар келді, олардың арасында бір стажер да бар екен. Импульс тексерілді, басқа ештеңе жасалмады. Біз оттегі мен жүректі іске қосатын аппарат сұрадық. Біздің ТҮШ төрағасы оларға: "Бірдеңе істеңдер, құтқарыңдар!" деп айқайлады. Бірақ олар оны тастап, аяғы сынған адамның жарақатын қарауға кірісті. Әлгі жұмысшы қайтыс болған соң ғана олар оның ішкі жарақаттан көз жұмғанын айтты", - дейді Валерия.Көршілердің айтуынша, маңдайшаны бұзған жұмысшылар сол ықшамауданның тұрғын үй шаруашылық мекемесінің сантехниктері болған. Сонымен қатар, басылым мәліметінше, олар каскасыз және ешқандай құрал-жабдықтарсыз жұмыс істеген.Еске салайық, кеше, 11 мамырда Ақтауда жазатайым оқиға болды: подъезд кіреберісіндегі шатыр құлап, бір адам мерт болды. Тағы екі адам зардап шекті. Ақтауда тұрғын үй кіреберісінің төбесі опырылды: жазатайым оқиға кезінде кім қаза тапқаны белгілі болды."9-шағынаудан, 4-үй мекенжайындағы кіреберісті бөлшектеу бойынша жоспарлы жұмыстар барысында бетон құлады. Өкінішке қарай, бір адам қаза болды, тағы екеуі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Олардың бәрі - "Нестле Мол" сервис компаниясының қызметкерлері, олар "Татьяна" пәтер иелерінің кооперативіне қызмет көрсетті", - деді Ақтау әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы өкілі.