Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Астана маңындағы өрттің қайдан шығуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі."Өрттің шығуына не себеп болғаны туралы тек арнайы құрылған комиссия айта алады. Бұл туралы айтуға әлі ерте. Көптеген фактор бар: мүмкін біреу темекі тартқан шығар, бәлкім, біреу лақтырып кеткен бөтелкенің оптикалық әсері, мүмкін өрт қойған шығар. Нақтысын қазір ешкім айта алмайды",- деп жауап берді Шәріпханов.Сонымен бірге Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Астана маңындағы өртті толықтай сөндіруге шамамен екі аптадай уақыт кететінін айтты.