Британ ғалымдары қан талдауы арқылы қатерлі ісікті анықтаудың жаңа әдісін ойлап тапты

Британ және америкалық бір топ ғалым қан талдауы арқылы қатерлі ісік диагностикасы әдісінің сынағы жақсы нәтиже көрсеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.Жаңа зерттеу 2020 жылдың көктемінде жарияланды. Ғалымдар қарапайым қан талдауы арқылы онкологиялық аурулардың 50-ден астам түрлі белгілері пайда болғанға дейін оларды ерте сатыда анықтауды ойластырып отыр. Ауқымды сынақ 2021 жылы Ұлыбритания мен АҚШ-та басталды. «Галерея» деп аталатын тест механизмі генетикалық код, яғни ДНҚ-да ісіктен қанға түсетін химиялық өзгерістердің белгілерін іздейді. Ғалымдар әдістеме бойынша жұмыс әзірге аяқталмағанын, бірақ сынақтың бірінші кезеңінен кейін ауыр дерттен құтылған науқастар саны артады деп айтуға болатынын атап өтті. Сынақ әсіресе бас және мойын, ішек, өкпе, ұйқы безі және тамақтағы қатерлі ісікті анықтауда тиімді. Ұлыбританияның NHS денсаулық сақтау жүйесі әдісті 2024-2025 жылдары тағы бір миллион адамға сынап көруді жоспарлап отыр. «Қатерлі ісікті ерте анықтау өте маңызды. Бұл сынақ бізге қатерлі ісік ауруларын ертерек анықтауға және мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға көмектеседі», - дейді NHS онкология департаментінің басшысы, профессор Питер Джонсон. Әдісті әзірлеп, зерттеген - Дана-Фарбер онкология институты мен Гарвард медицина мектебінің америкалық ғалымдар тобы және Фрэнсис Крик институты, Лондон университеттік колледжінің ғалымдары. Зерттеу нәтижесі Оксфорд университетінің Аnnals of Oncology академиялық журналында жарияланған. Жобаны Кремний алқабындағы стартап Grail қаржыландырып жатыр, оның инвесторлары арасында Amazon негізін қалаушы Джефф Безос бар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Лисаковскіде караокедегі адам өлімімен аяқталған төбелес: сот үкімі шықты: 13 желтоқсан 2024, 12:33 - жаңалықтар Tengrinews.kz
“Сезілетін температура” деген не?
Қазақстандық мектептерде медиация қызметтері пайда болады
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Астананың бір ауданы жарықсыз қалды
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Астананың бір ауданы жарықсыз қалды
Астанада 300 мың адам қалалық диктантқа қатысты
Париж Олимпиадасына қатысқан қазақстандық семсерлесушіні соққыға жығып кетті
Астанада мас азамат өзгенің көлігін айдап кетіп, бағанға соғылды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
«Шұбар» қосалқы станциясындағы жағдай: жедел бригадалар жұмыс істеп жатыр
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі ашылды
Ертең елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Кабель желісін ұрлап кеткен: астаналықтар жарықсыз отыр