Британ премьер-министрі: Жасанды интеллекттің бақылаудан шығуына бір жыл қалды

Жасанды интеллекттің адамзат бақылауынан шығатын уақыт таяп қалды. Бұл жөнінде Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.The Telegraph басылымының жазуынша, Риши Сунак өзінің бастамасымен Ұлыбританияда жасанды интеллект мәселелеріне арналған саммит өтетінге аз уақыт қалғанда ерекше мәлімдеме жасаған. Премьер-министр ақпараттық технологиялардың қарқынды дамып жатқанын, теориялық тұрғыдан оны террористтер де пайдалана алатынын ескертті. Жасанды интеллект жүйелеренің жаңа буыны шығарылғанға дейінгі бір жыл ішінде өзін қорғап үлгеру керек. Британ билігі ChatGPT сияқты қазіргі баламалардан барлық жағынан жоғары болатын жасанды интеллект жүйелерінің келесі буыны қара ниетті адамдардың қолына түсіп, адамзатқа зиян келтіреді деп қорқады. Мысалы, Ұлыбритания үкіметі жасанды интеллект адамдарға биологиялық қарудың жасалу жолы туралы ақпарат беруге қабілетті екенін ескертті. Ел билігін ерекше алаңдататын жайт – жасанды интеллектіні зиянды мақсаттарда – террористік шабуылдар, кибершабуылдар және т.б. үшін пайдалану мүмкіндігі. Қараша айында Риши Сунактың бастамасымен Ұлыбритания жасанды интеллект пен соған байланысты қауіптерге арналған жаһандық қауіпсіздік саммитін өткізуді жоспарлап отыр. Съезге жиырмаға жуық елдің өкілдері қатысады. Саммитте Ұлыбритания премьер-министрі жасанды интеллект әзірлеушілерінен олардың жаңа буынының адамзатқа қауіп төндірмейтініне кепілдік беруін талап етуі мүмкін. Өз туындысына "атомдық қарудан кем" қарамауға кеңес берген кейбір әзірлеушілер британ билігінің ұстанымымен келіседі. Жасанды интеллект жүйелерінің келесі буыны қазіргіден жүз есе күшті болуы мүмкін екенін ескерсек, бұл бос сөз емес екені анық. Мәселен, ChatGPT-тің мүмкіндігі күннен-күнге артып келеді: енді ұйықтар алдында ертегі айтып, дастархан басындағы дау-дамайды шешеді әрі пайдаланушы енгізген мәтінді дауыстап айтып бере алады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
«Дариға Назарбаеваны сағынып жүргендер бар». ҰҚК депутаттын сауалына берді
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қостанайда 20 жыл көріспеген әкесі мен қызы табысты
Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде күміс медаль алды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізеді