Солтүстік-батыс антициклонының әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын болмайды.Тек елдің солтүстігінде, орталығында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады. Республика бойынша түнде және таңертең тұман, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста, солтүстікте екпінді жел соғады. Қызылорда қаласының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жамбыл, Түркістан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысында өрт қаупі жоғары.