"Бірінші әйелім ата-анама басынан-ақ ұнамады". Композитор Сейфуллин Жолбарыс бірінші әйелімен ажырасуына не себеп болғанын айтты

Әнші, композитор Сейфуллин Жолбарыс бірінші әйелі туралы әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz.Әнші "Менің өмірім" бағдарламасына берген сұхбатында бірінші әйелімен қалай танысқанын айтып берді."Бірінші жеңгелеріңмен 1995 жылы үйлендік. Қазақстанның енді ғана тәй-тәй басып келе жатқан, қиын кезең еді. "Қазақстан" тобында өнер көрсететін кезімді Анарбай деген жігіт болушы еді. Анарбайдың Қарлығаш деген дос қызы болды. Қарлығаш деген домбырамен өлең айтатын қыз, ол да арасында концертімізге қосылатын еді. Жеңгелерің сол Қарлығашпен біздің дайындыққа еріп келді. Дайындық кезінде таныстық, біраз уақыт араласып жүрдік, кейінірек қыз-жігіт болып жүріп бастадық. Бір жылдай жүріп үйлендік. Үлкені қызым, екіншісі ұлым - Бейбарыс. Жеңгелеріңнің аты - Мадина, тегі - Бөрібай. Менің тегім Жолбарыс болғандықтан, әдемі қосылдық деп күлетін едім", - деді сазгер. Композитор дүниеге келген бірінші ұлының шетінеп кеткенін бөлісті."Ол кісі (Мадина) көп сөйлемейтін, артық әңгімесі болмады. Оның менің өнер жолымда тигізген көмегі көп болды. Бір қыз, бір ұл туып берді. Шаңырақ көтергеннен кейін бірінші дүниеге ұл келіп, оның есімін Хафиз деп қойдық. Хафиз 4 айлығында шетінеп кетті. Менің Хафиз деген туындымның анасы сол. Көпшілік Сейфуллин Жолбарыстың "Хафиз" деген туындысы, оның Хафиз ұлына арналатынын біліп жүрсінші", - дейді ол.Әнші ажырасқан әйелімен қазір жақсы қарым-қатынаста. "15 жыл отандастық, өзімді әлі де кінәлімін деп есептеймін. Кәнілі деп өзімді атағым келеді. Шынымды айтсам, бірінші әйелім ата-анама басынан-ақ ұнамады. Бөлек тұрдық, Мадина жеңгелерің ана-енемен бірге тұрғысы келмеді. Мүмкін ажырасқанымыздың мүмкін бір себебі осы шығар. Ол (Мадина) "кемпір-шалмен бірге тұрмаймын" деп бірден айтты. Оған менің де ата-анамның өкпесі бар шығар, себебі мен үйімнің кенжесімін, қолда мен тұруым керек. Осындай жайттар жіпке тізіле береді, ақыр соңы осындай болады.Арада ортақ бала бар болғандықтан, жақсы қарым-қатынастамыз", - деді Жолбарыс Сейфуллин.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Григорий Бабаян: Қарсыластың деңгейі жоғары болды
Атырау ауруханасында 10 айлық сәби көз жұмды
Жылан жылы: 2025 жыл қандай болады?
Түркістанда ботаникалық бағы бар "Жастар" саябағы пайдалануға берілді
Тұман, жел, көктайғақ: 13 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
“Жындарға сенемін“. Ақан Сатаевтың адам сенгісіз жайтқа тап болғаны рас па?
Ол кісіге ғашық та болмағанмын: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі туралы шындықты айтты
Жылан жылы: 2025 жыл қандай болады?
Жұмысқа кешігуге кептеліс кедергі болса...
Атырау ауруханасында 10 айлық сәби көз жұмды
Абылайхан — Азия чемпионы! Финалда тістеп алған өзбек боксшысы жазаланды
«Санасыздар»: Ырысбала Икрамбай халықтың ақшасына алынған үйді сатпақ болған оқырманына ашуланды (ВИДЕО)
Абылайхан — Азия чемпионы! Финалда тістеп алған өзбек боксшысы жазаланды
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай өтетін іс-шаралар белгілі болды
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасында өткізу пункттері жабылады
Абай облысында прокурорлар ақша далаға шашылғанын анықтады
Алматы Орталық стадионының басқарушысы қызметінен босатылды
Қазақстанда қатты пайдалы қазбалар бойынша қанша кен орны бар?
Мәжіліс төрағасы Ресей Федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрайымымен кездесті
Полициядан қашқан көлік жүргізушісі ұсталды
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пунктері жұмыс істемейді
Ақмола облысында вейп саудасы әшкере болды
«Түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды»: Мейіржан Төребаевтың жары күйеуінің қазіргі жағдайы туралы айтты