Бірінші заманауи мектеп Маңғыстау облысының Бекі ауылында ашылады. Білім ошағының құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Бұл – «AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдау жұмысының нәтижесі. Партия өкілдері осы ауылда тура бір жыл бұрын болған. Сол кезде тұрғындар елдімекендегі шешімін таппаған мәселелерді айтты. Қазір ауылда су мәселесі де өте өзекті.Балша ПІКІРАЛИЕВА, БЕКІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 3 жыл болды суға жарымай, су жоқ ауылымызда. Водовоз да келмей қалады арасында. Сусыз қалып, су тасимыз шелекпен жан-жақтан. Қиын жағдайымыз. Осы келеді-кетеді Үкіметтің адамдары. Ештеңе шешіліп жатқан жоқ. Соны шешіп беруді сұраймыз біз. Ауылға тартылғалы отырған су құбырының 9 шақырымы «Қазсушар» кәсіпкерлігінің жеке меншігінде. Ал қалған 30 шақырымы жергілікті мемлекеттік органдардың балансында. Осы уақытқа дейін мәселені бір жақты ету аймақтағы атқа мінерлердің қолынан келмепті. Енді оны партия өз қолына алды. Азамат БІРЖАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Қазсушардың» балансындағы 9 километрді мемлекеттік құзырлы органның балансына беру мәселесін қарастырамыз. Немесе министрлік комитеттен ақша бөлу жағын қарастырамыз. Қазіргі таңда ауылда су болу үшін арнайы 12 кубтық камаз сатып алынған болатын. Ол 1 жарым жылдың ішінде ремонттың барлығы аяқталып біткенше осы камаз жұмыс жасайтын болады.