Апелляциялық сот бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Экспресс К.Астана қаласы Сарыарқа ауданының 2022 жылғы 28 қазандағы №2 аудандық сотының Елжан Біртановқа, Олжас Әбішевке қатысты үкімі өзгеріссіз қалдырылсын. Қорғаушылар мен сотталғандардың апелляциялық шағымдары қанағаттандырылмайды, -деді апелляциялық сот алқасының төрағасы Айбек Әмірғалиев.