Ақмола облысының Атбасар ауданына қарасты Мариновка ауылында ірі қарадан бруцеллез анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты Атбасар ауданы Мариновка ауылдық округінің Мариновка ауылы және оған шекаралас аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Мариновка ауылдық округінің әкімі Ж.Қалиевтің шешімінде. Белгілі болғандай, шектеу енгізіліп жатқан ауылда мамыр айында бір бас ірі қарадан бруцеллез анықталған. «16 мамырда Атбасар ауданының Мариновка ауылында ірі қарадан алынған биологиялық материалдарды бруцеллезге зерттеу барысында бір сынамадан бруцеллез қоздырғышы анықталды. Адамдар мен жануарлар үшін ортақ жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында Мариновка ауылында бруцеллез бойынша шектеу енгізу керек», - деп түсіндірме берілген шешімге.