«Бірыңғай сатып алу терезесі» жобасын іске асыру аясында 7 млрд теңгеден астам бюджет шығыны үнемделді

«Бірыңғай сатып алу терезесі» жобасын іске асыру аясында 7 миллиард теңгеден астам қаражат үнемделді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Қоғамдық Кеңесінің 1-ші көшпелі отырысында айтылды. Отырыс кезінде Агенттік пен азаматтық сектордың бірлескен жұмысының нәтижелері таныстырылды. Қоғамдық кеңестің қатысуымен Алматы қаласының сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы бойынша жұмыс топтары құрылған. Аталмыш картаға 6 сала кіреді. Ол- құрылыс және тұрғын үй, экономика және қаржы, экология, жер, фискалдық және әлеуметтік сала. Кеңес мүшелері анықталған бірқатар заңбұзушылықтарды атап өтті.Дидар СМАҒҰЛОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ: Алматы қаласы бойынша 2-3 кейс болған өткен жылда. Біз оған Антикордың, жергілікті атқарушы органдардың назарын аудардық. Ол – 202-ші мектеп-гимназия. 2 жыл бұрын берілген. Бірнеше миллиард теңге жұмсалған оған. Құрылыс кезінде және сатып алынған техниканың айырмашылығы 100 млн теңге құжаттармен салыстырғанда. 10 ақпанда тексеріс басталды. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта агенттіктің көшпелі отырыстарын еліміздің басқа да өңірлерінде өткізуді жоспарлап отыр. Жігер БАЙДІЛДИН, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ПРЕВЕНЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл жиынның мақсаты – агенттікпен кешенді сыбайлас жемқорлықты төмендету бойынша іс-шараларымызды көрсету. Қоғам белсенділерінен ұсыныстар қабылдау болып табылады. Біз белгілі бір кәсіпкерлердің қиындықтарын шешумен ғана емес, ол қиындақтарға алғышарт болған себеп-салдарды жою үшін мониторингімізді жүргізіп отырмыз. М. Жақан

Читать источник astanatv.kz/kz/
Маңғыстауда төрт «Жайлы мектеп» пайдалануға дайын
2024 жыл: Қазақстандағы басты оқиғалар
Денис Полубояринов Азия чемпионы атанды
Алматыда үстел теннисінен Орталық Азия төрешілеріне арналған семинар өтеді
Кісі ақысын жеме...
Алматыда екі жаңа қала маңындағы маршрут іске қосылады
Алматыда құрылыс нысандарын бақылау күшейтіледі - сарапшының пікірі
Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады
Алматыда көппәтерлі үйлердің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ең төменгі тариф бекітілді
Президент кісі өлтірушілер үшін өлім жазасын талап етті
«Алматы трассасы» ашылды
Алматыда құрылыс нысандары тексеріледі
От құдайы оянды
Қазақстанда 13,7 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді
Мәслихат депутаттары Алматының жаңа Қала құрылысы регламентін бекітті
Алматыда құрылысқа қатаң шектеулер күшіне енгізіледі
2024 жылғы су тасқыны: азаматтарға әлеуметтік көмек, үйлер мен инфрақұрылымдар салу және қалпына келтіру
Бүгін түнде әлемде қандай оқиғалар орын алды
Қайтарылған активтер есебінен Петропавлда балабақша салу үшін 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
WhatsApp кейбір ескі смартфондарда жұмыс істемейді.
Қазақстандық волонтерлер Ташкенттегі халықаралық форумға қатысып жатыр  
Жылдың үздік спортшысы мен жаттықтырушысы анықталды
Тұман түсіп, батыста көктайғақ болады
Қарағанды облысында су тасқынына қарсы алдын ала дайындық жұмыстары жүріп жатыр