Республиканың бірқатар өңірінде жұма намазын оқу уақыты өзгереді, деп хабарлайды BAQ.KZ. Қазақстанның 1 наурыздан бастап бір уақыт белдеуіне көшуіне байланысты елімізде жұма намазын оқу уақыты жаңарады. Өңірлер бойынша жұма намазын оқу уақыты: Сағат 13.00: Абай облысы; Сағат 13.10: Алматы қаласы, Алматы, Жетісу облыстары; Сағат 13.15: Астана қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстары; Сағат 13.20: Шымкент қаласы, Жамбыл, Түркістан облыстары; Сағат 13.30: Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары; Сағат 13.49: Атырау облысы; Сағат 13.52: Маңғыстау облысы; Сағат 13.55: Батыс Қазақстан облысы. Еске салайық, мұндай шешім 21 ақпанда өткен ҚМДБ Ғұламаларының кеңесінде қабылданған болатын. Биыл Рамазан айы 11 наурыз бен 10 сәуір аралығына сәйкес келеді. Қадір түні – 5/6 сәуір. Ал Құрбан айт 17-19 маусым аралығында мерекеленеді.