Бішкекте «Манас» халықаралық әуежайына бомба қойылғаны туралы ақпарат расталмады, әуе терминалы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Шу облысы бойынша ІІБ хабар таратты.Ведомствоның айтуынша, 22 мамырда сағат 13.50-де кезекші бөлімге, сағат 13.12-де «Манас» әуежайының электронды поштасына «Бабах 15.00-де» деген мәтінмен хабарлама келіп түскен. Аталған факті тіркеліп, тергеуге дейінгі тексеру басталды. Оқиға орнына Шу облысы ІІБ, Сокулук аудандық ішкі істер басқармасының жедел-тергеу тобы және Шу облысы ІІД Арнайы күзет қызметінің қызметкерлері барды. Аумақ дереу қоршауға алынып, қызметкерлер мен жолаушылар эвакуацияланды. Полиция қызметкерлері ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп, қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізді, саперлер тобы оқиға орнында тінту жүргізіп, нәтижесінде факт расталмады. Ұшақтардың келуі мен кетуінде ешқандай кідіріс болған жоқ, қазір қоршау алынып, әуежай қалыпты жұмыс істеп тұр.