Бішкекте 13 мамырда хостел қонақтары арасындағы төбелестен басталған шиеленісті жағдайдың соңы жаппай тәртіпсіздікке әкелді, деп хабарлайды KAZINFORM.Свердлов аудандық ішкі істер басқармасының мәліметінше, Будённый көшесінде орналасқан көбінде шетелдіктер тұратын хостел маңында жаппай төбелес болған. Оған қатысқандар арасында үш шетелдік бар.Шетелдіктер жергілікті тұрғындарды ұрып-соққан. Оларға Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 280-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қазір Бішкек полициясының изоляторында қамауда отыр. Дегенмен 17 мамыр кешке қарай хостелдің жанына әлгі шетелдіктерден «кек алып, сазайын беруге» кей мәлімет бойынша 300-ге жуық жас жиналған. Тез арада әлгі үш шетелдік видео арқылы қырғыз халқынан кешірім сұрады. Қазір су атқышы бар ішкі әскерлер 7 сәуір-Шу көшелерінің қиылысында тұр. Олар 7 сәуір көшесін солтүстік бағытта қоршауға алған. Олардың оңтүстік тұсына сол сағаттың өзінде 1000-ға жуық адам жиналды.Полиция тосқауыл қойып, тәртіпсіздіктің алдын алып жатыр.Қоршауды бұзуға ұмтылғандарды ұстауда. Қазірге дейін 10 шақты адамды ұстап әкеткен.